Қызылжарда зәулім мешіт ашылды
Қызылжарда зәулім мешіт ашылды. Жаңа нысанның жалпы аумағы 2,7 мың шаршы метрден асады. Онда бір мезетте 630 адам намаз оқи алады. Бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы ең үлкен ғибадат үйі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
2014 жылы жобасы құрылған Алланың жердегі үйі Петропавлдың 20- шы ықшам ауданында салынды. Кәсіпкерлер мен жомарт жандардың көмегінің арқасында араға 4 жыл салып имандылық үйі қала халқы үшін есігін айқара ашты. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов, сондай-ақ Парламент сенатының депутаттары қатысып, жиналған жұртшылықты айтулы оқиғамен құттықтады.
«Мешітті тұрғызуға үлес қосқан азаматтарға алғыс айта отырып, оның жастарға рухани тәрбие беретін және дәстүрлі дінімізді насихаттайтын орталыққа айналатынына сенімдімін», - деді көпшілік алдында сөз алған Құмар Ақсақалов.
Жобаның авторы және бас архитекторы Сағындық Жамбылов мешіттің сәулеті қазақи стильде жасалғанын тілге тиек етті.
«Бұл – бірегей жоба. Оның ерекшелігі – қазақи стилінде. Юлттық оюларды ұтымды пайдаландық деп ойлаймын. Түсі де – жазық даланы еске түсіреді», - деді ол.
«Мен осы 20-шы ықшам ауданда тұрамын. Мешіттің ашылуын асыға күттім. Өйткені қала орталығындағы мешіттерге жету аздап қиындық тудырады және діни мерекелерде халық саны көп болғандықтан, сәждеге бас қоятын жер қалмайды. Енді міне халықтың қалауы орындалып Алланың жердегі үйі бой көтеріп отыр», - дейді Рамазан Қапарұлы.
Мешіт 2 қабаттан тұрады. Біріншісінде 500 адамға шақталған ерлер ғибадат орны бар, екінші қабатында 130 кісіге арналған әйелдер құлышылық ететін кіші зал орналасқан. Мешіттің аумағы 2793 шаршы метр . Ғимарат үш деңгейлі күмбез бен 4 мұнарадан тұрады. Олардың биіктігі – 42 метр. Ғимарат көркемдігімен ерекше көз тартады. Әсіресе қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген қаспеті және кестеленген михрабы ғимараттың сәнін ашып тұр. Мешіт маңында шағын саябақ салынып жатыр.
Baq.kz