Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ектім егін – тердім өнім

Ектім егін – тердім өнім


Уағдаласқан уақытта Гигант ауылдық округіне барар жолда орналасқан егістік алқабына табан тіредік. Жеке кәсіпкер Қанат Мұсаевтың қолы тиген алқаптың көркі көздің жауын алады. Бейне бір қазыл-жасыл кілемді жайып жібергендей. Қып-қызыл қызанақты үзуге қимағандай, сипалап ақырын түбінен ажыратып теріп жүр екен. Отбасылық кәсіптің көзін тауып, қажырлы еңбектің тәтті жемісін жиып алуда.

Ерте көктемнен егінге қамданған Қ.Барлыбайұлы алдымен 40 мың қызанақ көшетін есік алдындағы жылыжайда өсіріп, егіс даласына дайындайды.«Су, жылу, электр жарығымен толық қамтылған жылыжайда өсірілген көшеттерді, жерге отырғызбас бұрын күн көзімен жылынған келесі жылыжайдың ішінде 10 шақты күн ұстаймыз. Құбылған ауа райына бейімделген көшеттер содан соң барып егіледі» – дейді, агроном болып қызмет атқарған Барлыбай ақсақал. Әкенің бағыт-бағдарымен кә­сіп­ті қолға алған кейіпкеріміз «AgroBaidala» ЖШС 5 млн.­ теңге көлемінде қаржылай көмек алып, тәуекелге бел­ байлаған.
Еңбек – тынымсыз тірлік болғанымен, оның қоғамға, халыққа, отбасыға, жеке адамзатқа беретін пайдасы мол. Бұл қасиеттерді тудыртатын, әрине, адам. Не десек те, терлеп тапқан табысқа еш нәрсе жетпейтіні анық. Дана халқымыз «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деп бекер айтпаған. Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы кәсіп ашам деп еңбектенгендердің еңсесін көтеруге барынша жұмыс жасап келеді. Оның үстіне аймақ басшысының ағымдағы жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялауы саланың екінші тынысын ашып бергендей.
Киелі Шиелі өңірінің тұрғындары көбіне егін егіп күнелтеді. Ризығын жерден тапқан диқан қауымы еккен егінінен мол өнім алуды мақсат етіп, маңдай терімен адал нәпақасын табады. Кәсіпкер Қ.Мұсаев та 2 га. жерге қызанақ отырғызып, 70-80 тонна көлемінде өнім жинайды. Қып-қызыл көздің жауын алатын, ұзақ жолға жарамды қызанаққа сұраныс та көп. Бүгінде Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларына жөнелтуде. Бабын тапсаң жомарт жер жемісін беріп, істің берекесін кіргізетіні көрініп-ақ тұр.
«Дала төсіне дән сеуіп, егін егумен 3 жылдан бері айналысып келеміз. Сондықтан, оның күтімі мен бабын білеміз. Қызанақ 150 күнде өнім береді. Әр түптен 3 келіге жуық көкөніс алуға болады. Қызанақпен қатар қауын, қарбыз егіп, басқа қалаларға жібереміз. Қыс азығын жаз сайла дегендей ерте көктемнен егін науқанына әзірленіп, ынтамен іс бастаймыз» – дейді, кәсіпкер.
«Ерінбеген адамның егіні бітік шығады” – деген дана жұртымыз. Жер-Ананың адал кәсіптің тұтқасын ұстап, ерінбей еңбек еткеннің жігерін құм қылмайтынын тағы бір байыптадық. Тәуекел еткеннің аузы асқа тиіп, ала жаздай атқарған еңбегінің еселеніп қайтуы диқан үшін де жеңіс.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.
19 тамыз 2018 ж. 1 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031