Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді

Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді

2018 жылғы 16 шілдеде «Тәуелсіздік сарайында» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесе Халықаралық сәулетшілер конгресінің ашылу рәсімін өткізеді, оның жұмысы 2018 жылғы 18 шілдеге дейін (қоса алғанда) созылады деп күтілуде. Конгресс кәсіби тәжірибе алмасу, әлемдік сәулет өнерінің дамуының концептуалдық-теориялық бағыттарымен және оның негізгі тенденцияларымен танысу, қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыстар орнату, қоғамдағы сананың ашықтығын қалыптастыруды көздейді және  сәулет өнеріндегі ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, прогрессивті әлемдік тәжірибе мен білімді қабылдау қабілеттілігін  қалыптастыру арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамытуды мақсат етеді. Конгресс аясында «Қалалық орта: дәстүрі мен келешегі» тақырыбындахалықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конгресс жұмысы  шеңберінде сонымен қатар «Құндылықтарды синтездеу. Жаһандық контекстегі локалдық сәйкестік» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілмек. Жас сәулетшілер, сонымен бірге студенттерстартап уик-энд форматында өткізілетін «Қалалық орта: дәстүрі мен келешегі» байқауына қатыса алады. Конгресс аясында шеберлік сабақтары, шетелдік танымал сәулетшілердің дәрістері, «Ортаны қалыптастыратын кім?» тақырыбында диалог алаңын өткізу жоспарланған. Конгресске алыс және жақын шетел сәулетшілері, үкімет пен бизнес өкілдері, еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы, Шымкент) отандық сәулетшілер, девелоперлер, технологиялық компаниялар, жобалау бюролары, инженер-жобалаушылар; жоғары оқу орындарының сәулет өнері факультетінің студенттері, қала белсенділері, урбанистер, қазіргі заманғы суретшілер, БАҚ өкілдері қатысады.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/53212/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
12 шілде 2018 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (8640)

10 қараша 2018 ж.

№84 (8639)

06 қараша 2018 ж.

№83 (8638)

02 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам