Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаныс және әскери қызмет

Қорғаныс және әскери қызмет


Шиелі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде «Астананы асқақтатқан 20 жыл» тақырыбында қорғаныс және әскери қызметкерлер арасында жиын өтті.
Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, Шиелі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Руслан Шәріпбаевтың құттықтау сөзімен жалғасын тапты. Еліміз аздаған жылдар ішінде толағай табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіз еліміз, әсем Астанамыз бой көтеріп, қорғанысымыз бекіп, қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған бейбіт заман орнады. Мұның бәрі Елбасының және де қорғаныс саласы қызметкерлерінің арқасы, – деп сөзін түйіндеді. Онан әрі сөз кезегін алған запастағы офицерлермен кадр және жұмыс жөніндегі топ бастығы Гүлбибі Нұрмантайқызы Астананың 20 жылдық төл мерекесімен құттықтап, астанамызды арқа төріне көшіруде көптеген қиындықтардың болғанын, дегенмен, Елбасы батыл шешім шығарып, табандылық танытқанның арқасында қиындық атау­лыны жеңе білгенін сөз етті. Мұнан әрі Астананың сонау ерте дәуірдегі тарихынан қазіргі көркем келбетіне дейінгі аралық баяндалған танымдық бейнеролик көрсетілді. Шара соңында Р.Әкімжанұлы барлық қорғаныс саласы қызметкерлерін ортақ мерекемен құттықтап, ел алдындағы қызметті адал, абыроймен атқаруға тілектестігін білдірді. Елдің мүддесін қорғау жолында шаршамай, талмай қызмет ететін қорғаныс қызметкерлерінің еңбегі еселі. Бас қаламыз Астананың, Тәуелсіз Қазақстанның айбынын асқақ, мерейін үстем етер қызметкерлер қатары толықси берсін деп қорытындылағанды жөн көрдік бізде.

Рамазан ӘНӘПИЯ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті.
10 шілде 2018 ж. 2 042 0