Пилоттық жоба тиімділігін көрсетуде
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынылып отыр және оны жүзеге асыру үшін пилоттық аймақ ретінде Қызылорда облысы белгіленген еді. Елбасы Н.Назарбаев дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, «Сотсыз татуластыру пилоттық жобасын» түсіндіріп, ақпараттандыру мақсатында Шиелі аудандық сотының судьясы Г.Кұрманбай №219 орта мектебінің мұғалімдері, аудандық полициясының КТЖТ инспекторы, аудан сотының маманымен кездесу өткізді. Қазақстан Республикасы жоғарғы сотымен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі – сотсыз татуласу орталығы жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты – халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және партисипативті рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімдеріне тоқталып өтті.
Кездесуде Г.Кұрманбай кездесуге қатысушылар ҚР жоғарғы сотымен жүзеге асырылып отырған «Сотсыз татуластыру орталығы» пилоттық жобасының міндеттері оның тиімділігін, дауды сотқа дейінгі реттеудің басымдықтары жайлы әңгімеледі. Шараға қатысушылар жоғарғы сотпен дауды соттан тыс шешу бағытында жүргізіліп жатқан реформаларды құптайтындарын білдіріп, өздерін мазалаған сауалдарға толықтай жауап алды. Сондай-ақ, соттан тыс дауларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға шақырды.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.