Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев жаңа мәдениет және ақпарат министріне бірқатар тапсырма берді

Тоқаев жаңа мәдениет және ақпарат министріне бірқатар тапсырма берді

Тоқаев жаңа мәдениет және ақпарат министріне бірқатар тапсырма бердіМемлекет басшысы мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды.


Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті.
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау жөнінде міндет жүктеді.
04 қыркүйек 2026 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930