НӘТИЖЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН НАҚТЫ ҚАДАМ
Апта басында өңірлік коммуникациялар алаңында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков журналистер қауымымен жүздесіп, Шиеліде биылғы жылдың алғашқы алты айында атқарылған ауқымды істер мен еңселі межелерді ортаға салды. Экономикадан бастап ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс, жол, тұрғын үй, газдандыру, ауыз су, білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты мен абаттандыруға дейінгі барлық саладағы өзгерістер баяндалды.Қаржы бар жерде қарқын бар
Кез келген өңірдің дамуы ең алдымен оның қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Қаржысы қуатты аудан ғана тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешіп, жаңа жобаларды жүзеге асырып, инфрақұрылымды жаңарта алады. Бұл тұрғыдан алғанда Шиелі ауданы соңғы жылдары айтарлықтай қарқынға ие болды.
2026 жылдың бүгінгі жағдайына сәйкес ауданның нақтыланған бюджеті несиелерді қоса есептегенде 16 миллиард 10 миллион 506 мың теңгені құрады. Бұл бастапқы жоспардан 5 миллиард 716 миллион 230 мың теңгеге артық. Мұндай өсім аудан экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын, салықтық түсімдердің артқанын және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асқанын көрсетеді.
Нақтыланған бюджеттің құрылымы да ауқымды. Оның ішінде ауданның өз кірістері 7 миллиард 549 миллион 420 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар 914 миллион 862 мың теңге субвенция, 909 миллион 954,3 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер, 1 миллиард 520 миллион 459 мың теңге нысаналы даму трансферттері қаралған. Бұдан бөлек 278 миллион 210 мың теңге бюджеттік кредиттерді өтеуге, 4 миллиард 106 миллион 579 мың теңге кредиттерге, 1 миллиард 330 миллион 142 мың теңге қарыздарды өтеуге бағытталса, өткен жылдан қалған 731 миллион 21,4 мың теңге бюджет қалдықтары да аудан игілігіне жұмсалуда.
Жылдың алғашқы жартысында кірістер жоспары толық орындалды. 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін аудан кірісі несиелерді қоса есептегенде 6 миллиард 602 миллион теңгені құрап, жоспар 100 пайыз орындалды.
Аудандық бюджеттің өз кірісі де жоғары көрсеткіш көрсетті. Биыл бұл көрсеткіш 7,5 миллиард теңге болып бекітілген болатын. Ал алты айдың қорытындысында жоспарланған 3 миллиард 767 миллион теңгенің орнына 4 миллиард 180 миллион теңге түсіп, жоспар 110,9 пайызға орындалды. Нәтижесінде аудан қазынасына жоспардан тыс 412 миллион 513 мың теңге қосымша кіріс түсті. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі де толық игерілді. 1 шілдеге жоспарланған 6 миллиард 602 миллион 835 мың теңге қаражаттың 100 пайызы мақсатты бағыттарға жұмсалды.
ҮШ ЖЫЛДАҒЫ ҮЛКЕН СЕРПІЛІС
Соңғы 3 жылдың көрсеткіштері ауданның қаржылық әлеуеті жылдан-жылға күшейіп келе жатқанын айқын аңғартады. 2023 жылы ауданның өз кірісі 5,3 миллиард теңгені құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 6,4 миллиард теңгеге жетті. Ал 2025 жылы 7,7 миллиард теңгеге дейін өсіп, үш жыл ішінде ауданның өз кірісі 2,2 миллиард теңгеге көбейді. Бұл 141 пайыздық өсім деген сөз.
Соңғы 3 жылдың көрсеткіштері ауданның қаржылық әлеуеті жылдан-жылға күшейіп келе жатқанын айқын аңғартады. 2023 жылы ауданның өз кірісі 5,3 миллиард теңгені құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 6,4 миллиард теңгеге жетті. Ал 2025 жылы 7,7 миллиард теңгеге дейін өсіп, үш жыл ішінде ауданның өз кірісі 2,2 миллиард теңгеге көбейді. Бұл 141 пайыздық өсім деген сөз.
Қарапайым тілмен айтқанда, үш жыл бұрын ауданның өз күшімен тапқан әрбір 100 теңгесі бүгінде 141 теңгеге жетті. Бұл қаржының әр тиыны халықтың тұрмысын жақсартуға, ауылдардың әлеуетін арттыруға, жаңа әлеуметтік нысандар салуға және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалуда.
– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан көлемінде салық түсімдерін ұлғайту бағытында арнайы жұмысшы топтар құрылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлермен түсіндіру кездесулері өткізіліп, көлеңкелі экономиканы азайтуға және жаңа кәсіп субъектілерін заңдастыруға ерекше көңіл бөлінуде, – дейді аудан басшысы.
ЭКОНОМИКА: ӨСІМНІҢ ӨЗЕГІ
Экономикадағы тұрақты өсім – кез келген өңірдің өркендеуінің басты көрсеткіші. Бұл бағытта Шиелі ауданы алғашқы алты айда барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді. Өнеркәсіп, өңдеу саласы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, инвестиция және сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрақты өсім көрсетті.
Экономикадағы тұрақты өсім – кез келген өңірдің өркендеуінің басты көрсеткіші. Бұл бағытта Шиелі ауданы алғашқы алты айда барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді. Өнеркәсіп, өңдеу саласы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, инвестиция және сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрақты өсім көрсетті.
Алты айдың қорытындысында аудан кәсіпорындары 44 миллиард 6 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірді. Жылдық жоспар 77 миллиард 314 миллион теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі 36 миллиард 631 миллион теңгелік көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.
Өңдеу өнеркәсібінде де оң динамика сақталыпты. Аталған салада өндірілген өнім көлемі 37 миллиард 848 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың 30 миллиард 301 миллион теңгелік көрсеткішінен асып, 101,2 пайыздық өсім қалыптастырған.
Сонымен бірге алты айда ауыл шаруашылығы саласында 5 миллиард 711 миллион теңгенің өнімі өндіріліпті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 5 миллиард 17 миллион теңгемен салыстырғанда 105,1 пайыздық өсімге тең.
Экономиканың тағы бір маңызды бағыты – инвестиция. Алты ай ішінде ауданға 37 миллиард 484 миллион теңге инвестиция тартылған. Осы көрсеткіш ауданның инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын аңғартады. Жылдық жоспар 86 миллиард 729 миллион теңгені құрайды.
Инвестиция – жаңа өндіріс, жаңа кәсіпорын, жаңа жұмыс орны және жаңа мүмкіндік деген сөз. Сондықтан бұл бағыттағы әрбір жоба ауданның ұзақ мерзімді дамуына қызмет етеді. Сонымен бірге тұрғын үй құрылысының көлемі де артқан. Алты ай ішінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 37 мың 753 шаршы метрді құрап, өткен жылдың 36 мың 142 шаршы метрлік көрсеткішінен асып, 104,5 пайыздық өсім көрсетті.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 13 миллиард 215 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайызға артқан. Халықтың сатып алу қабілетінің сақталғанын бөлшек сауда көлемі де дәлелдейді. Алғашқы алты айда бөлшек сауда көлемі 6 миллиард 971 миллион теңгені құрайды.
КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ИНВЕСТИЦИЯ
Өңірдің экономикалық қуаты ең алдымен оның кәсіпкерлік белсенділігімен, инвестициялық тартымдылығымен және өндірістік әлеуетімен өлшенеді. Өйткені кәсіпкерлігі қанат жайған жерде еңбек өнімділігі артып, халықтың табысы көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал инвестиция тартылған өңірдің инфрақұрылымы жаңарып, өндірісі өркендеп, келешекке деген сенімі нығая түседі.
Өңірдің экономикалық қуаты ең алдымен оның кәсіпкерлік белсенділігімен, инвестициялық тартымдылығымен және өндірістік әлеуетімен өлшенеді. Өйткені кәсіпкерлігі қанат жайған жерде еңбек өнімділігі артып, халықтың табысы көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал инвестиция тартылған өңірдің инфрақұрылымы жаңарып, өндірісі өркендеп, келешекке деген сенімі нығая түседі.
Бүгінде Шиелі дәл осындай жаңғыру жолындағы аудандардың біріне айналып келеді. Мұнда қолға алынған әрбір жоба, қолдау тапқан әрбір кәсіпкерлік бастама, жүзеге асқан әрбір инвестициялық бастама ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беруде.
Брифингте аудан әкімі Айтбай Жандарбеков те осы мәселеге арнайы тоқталды. Оның айтуынша, аудан экономикасының тұрақты дамуы кәсіпкерлікті қолдау мен инвестиция тарту жұмыстарымен тікелей сабақтас. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар бір сәтке де бәсеңдеген емес.
Бүгінде Шиелі ауданында еңбек етіп, ел ырысын еселеп отырған кәсіпкерлер қатары жыл санап көбейіп келеді. Олар тек өз кәсібін өркендетіп қана қоймай, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жергілікті бюджетке салық төлеп, өңір экономикасының өрлеуіне нақты үлес қосып отыр. 2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша ауданда 5 747 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.
Аудан әкімі өз баяндамасында мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде кәсіп бастауға ниетті азаматтардың қатары артып келе жатқанын ерекше атап өтті. Әсіресе ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікке бет бұруы, жеңілдетілген несие арқылы өз кәсібін дөңгелетуі – аудан экономикасының жаңа тынысын ашқан маңызды үрдіске айналған. Осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде жыл басынан бері жалпы 641,4 млн теңгені құрайтын 40 жоба жеңілдетілген шағын несиеге қол жеткізген. Бұл қаражаттың әр теңгесі жаңа бастамалардың жүзеге асуына, өндіріс көлемінің ұлғаюына, қызмет көрсету саласының кеңеюіне және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының құрылуына бағытталды.
Экономикада «инвестиция келген жерге даму келеді» деген ұғым бар. Себебі инвестиция – жаңа өндіріс, жаңа технология, жаңа жұмыс орны, жаңа салық түсімі және жаңа мүмкіндіктер деген сөз. Шиелі ауданында бұл бағыттағы жұмыстар да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің айтуынша, алдағы жылдары аудан экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналатын маңызды инвестициялық жобалардың негізі бүгіннен қаланып жатыр.
2025-2030 жылдар аралығында жүзеге асырылуы жоспарланған жалпыұлттық жобалар пулы мен өңірлік инвестициялық пулға жалпы құны 163,5 млрд теңгені құрайтын 18 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Осы жобалар толық іске қосылған кезде 1024 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Инвестиция тек жоспармен өлшенбейді. Оның нақты нәтижесі іске қосылған өндірістермен бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда өткен жыл Шиелі үшін табысты болды. Жалпы құны 18 миллиард теңгені құрайтын алты ірі инвестициялық жоба толық іске қосылып, аудан экономикасына жаңа серпін берді. Олардың қатарында: «Тесис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Transshipment 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Эко Энерджи Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бупежанова» жеке кәсіпкерлігі, «Арсен» жеке кәсіпкерлігі, «Мубарак» жеке кәсіпкерлігі бар.
Аталған кәсіпорындардың іске қосылуы ауданның өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті нарықтағы тауар мен қызмет көлемін ұлғайтуға және бюджет кірісін арттыруға мүмкіндік берді.
ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖЫЛЫ
Инвестициялық жұмыстар мұнымен шектеліп отырған жоқ. Аудан әкімі өз баяндамасында биыл құрылыс жұмыстары жалғасатын және жаңадан басталатын алты ірі инвестициялық жоба жоспарланғанын жеткізді. Осы жобалар аясында аудан экономикасына 51,4 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Мұндай ауқымды қаржының ауданға келуі жаңа өндірістердің бой көтеруіне, кәсіпкерлік белсенділіктің артуына және еңбек нарығының кеңеюіне мүмкіндік береді.
Инвестициялық жұмыстар мұнымен шектеліп отырған жоқ. Аудан әкімі өз баяндамасында биыл құрылыс жұмыстары жалғасатын және жаңадан басталатын алты ірі инвестициялық жоба жоспарланғанын жеткізді. Осы жобалар аясында аудан экономикасына 51,4 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Мұндай ауқымды қаржының ауданға келуі жаңа өндірістердің бой көтеруіне, кәсіпкерлік белсенділіктің артуына және еңбек нарығының кеңеюіне мүмкіндік береді.
Өңірдің болашағы тек қолға алынған жобалармен ғана емес, ертең жүзеге асатын бастамалардың дайындық деңгейімен де өлшенеді. Бұл бағытта да Шиелі ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан көлемінде бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 40 миллиард 854 миллион теңгені құрайтын 89 жобаның жобалау-сметалық құжаттары толық әзірленген. Бұл жобалардың қатарында тұрғын үй құрылысы, инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар, жол, коммуналдық шаруашылық және өзге де маңызды салалар қамтылған. Аудан әкімі атап өткендей, дайын жобалардың барлығы республикалық және жергілікті бюджеттердің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Экономикадағы өсім кездейсоқ қалыптаспайды. Оның негізінде жүйелі жоспар, тың бастама, кәсіпкердің еңбегі мен инвестордың сенімі жатады. Шиеліде осы төрт бағыт бір арнада тоғысып, ауданның жаңа даму кезеңіне жол ашып отыр. Сондықтан бүгінде тартылған әрбір инвестиция, қолдау тапқан әрбір кәсіпкерлік жоба – ертеңгі өркендеудің берік іргетасына айналуда.
ЖҰМЫС БАР ЖЕРДЕ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ БАР
Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөзде аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жұмыспен қамту мәселесіне де тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөзде аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жұмыспен қамту мәселесіне де тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бүгінде Шиелі ауданында 85 мың 400 тұрғын өмір сүреді. Халық санының артуы әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін жүктемені көбейтумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуды да күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналдырады. Статистикалық деректерге сүйенсек, ауданның экономикалық тұрғыдан белсенді халқы – 36 мың 864 адам. Оның ішінде 35 мың 148 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылғандардың ішінде 23 мың 370 адам жалдамалы қызметкер ретінде түрлі мекеме мен кәсіпорында еңбек етсе, 11 мың 778 тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікпен, шаруа қожалықтарымен және жеке шаруашылықпен айналысып келеді. Сонымен қатар аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрап отыр. Сандық көрсеткішпен айтқанда, бұл – 1716 азамат.
Аудан әкімі өз баяндамасында бұл көрсеткішті төмендету бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, жаңа өндірістер мен инвестициялық жобалар жұмыспен қамту мәселесін шешудің негізгі тетігі екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасын әртараптандырумен қатар халықты тұрақты жұмыспен қамтуға ерекше назар аударып келеді. Президенттің «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» жөніндегі тапсырмасы бүгінде барлық өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бастама Шиелі ауданында да нақты нәтижесін беруде. Аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері 492 жаңа жұмыс орны құрылған.
Әрине, бұл көрсеткішпен тоқтап қалу жоспарда жоқ. Жыл соңына дейін ауданда 1021 жаңа жұмыс орнын ашу межеленген. Осы мақсатқа жету үшін қазіргі таңда инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен іске асырылып, кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсетіліп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі арттырылуда.
Қоғамның әл-ауқаты тек экономикалық өсіммен ғана өлшенбейді. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көрсетілетін қамқорлық та мемлекет саясатының маңызды бағыты болып қала береді. 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін аудан бойынша 124 отбасының 669 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты. Осы мақсатқа бюджеттен 44 миллион 947 мың теңге бөлініп, барлық қаражат белгіленген тәртіппен азаматтарға төленген.
Аудан әкімі әлеуметтік қолдау мәселесінің әрдайым бақылауда екенін атап өтіп, мемлекет көмегіне мұқтаж бірде-бір отбасы назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек тек уақытша қаржылай демеу ғана емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, оларды еңбекке ынталандыруға және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды мемлекеттік тетік.
БЕРЕКЕЛІ ЕҢБЕК – МОЛ ӨНІМНІҢ БАСТАУЫ
Тамыры тереңнен нәр алған, төрт түлігі түлеп, егіні жайқалған Шиелі ежелден-ақ еңбек пен берекенің мекені саналады. Диқанның маңдай тері мен малшының тынымсыз еңбегі тоғысқан сайын аудан экономикасының қуаты артып, ауылдың ажары айшықтала түсуде. Бүгінде Шиелі – Сыр өңіріндегі аграрлық әлеуеті жоғары аудандардың бірі. Табиғаттың сынына қарамастан, еңбек адамдарының табандылығы мен мемлекет қолдауының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты даму жолына түсті. Әсіресе соңғы жылдары егіншілік пен мал шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, жерді тиімді пайдалану және агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда.
Тамыры тереңнен нәр алған, төрт түлігі түлеп, егіні жайқалған Шиелі ежелден-ақ еңбек пен берекенің мекені саналады. Диқанның маңдай тері мен малшының тынымсыз еңбегі тоғысқан сайын аудан экономикасының қуаты артып, ауылдың ажары айшықтала түсуде. Бүгінде Шиелі – Сыр өңіріндегі аграрлық әлеуеті жоғары аудандардың бірі. Табиғаттың сынына қарамастан, еңбек адамдарының табандылығы мен мемлекет қолдауының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты даму жолына түсті. Әсіресе соңғы жылдары егіншілік пен мал шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, жерді тиімді пайдалану және агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда.
Кешегі өткен брифингте аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, аталған салада өнім көлемін арттырумен қатар, өндіріс тиімділігін көтеру, жаңа технологияларды енгізу және ауыл тұрғындарының табысын көбейту басты назарда тұр.
Тарихқа көз тастасақ, Шиелі – елге есімі мәлім талай тұлғаны дүниеге әкелген қасиетті мекен. Осы топырақтан бес ғасыр адамы, 41 Социалистік Еңбек Ері және бір «Қазақстанның Еңбек Ері» шыққан. Сол еңбек дәстүрі бүгін де жалғасын тауып келеді.
2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы саласында 5 миллиард 711 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 5 миллиард 17 миллион теңгелік көрсеткішпен салыстырғанда 105,1 пайызды құрайды.
Ауыл шаруашылығының маңызды саласының бірі – мал шаруашылығы. Бұл бағытта да Шиелі ауданында тұрақты өсім қалыптасып келеді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі индикаторлары аясында аудан бойынша төрт түлік саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бүгінде ауданда 85 мың 734 бас ірі қара өсіріліп (100,6%), 130 мың 61 бас қой мен ешкі (91,2%), 1842 бас түйе тіркелген (98,5%). 29 мың 151 бас жылқы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 107,4 пайыздық өсім көрсетіп отыр. Аудан әкімі бұл көрсеткіштердің ауыл шаруашылығы құрылымдарының жүйелі жұмысының нәтижесі екенін айтып, асыл тұқымды мал басын көбейту мен өнімділікті арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.
Жер – ауыл шаруашылығының ең басты капиталы. Сондықтан пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, қайта айналымға енгізу бүгінгі күннің маңызды міндетіне айналды. Президент тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану бағытында Шиелі ауданында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде, қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу жөніндегі жоспар артығымен орындалды. Жоспар бойынша 41 мың 100 гектар жерді айналымға енгізу көзделсе, нақтысында 41 мың 960 гектар жер мемлекет игілігіне қайтарылып, қайта пайдалануға берілді. Осылайша жоспардың орындалуы 102 пайызды құраған.
Шиелі – күрішімен танылған өңір. Сондықтан аудан диқандары үшін әрбір егіс маусымы – үлкен жауапкершілік. Биыл аудан көлемінде 32 мың 515 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде: дәнді дақылдар – 4 мың 326 гектар, майлы дақылдар – 1 мың 150 гектар, мал азығы дақылдары – 10 мың 388 гектар болса, картоп, көкөніс және бақша дақылдары – 5 мың 51 гектар. Ал ауданның негізгі бренді саналатын күріш дақылы – 11 мың 600 гектар алқапқа орналастырылыпты. Аудан әкімі атап өткендей, қазіргі таңда егін көлемін ұлғайтумен қатар, өнім сапасын жақсарту мен суды тиімді пайдалану басты назарда.
Климаттың өзгеруі мен су тапшылығы ауыл шаруашылығына жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан Шиеліде су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстар ерекше қарқын алған. Биыл шаруашылықтар мен жеке тұрғындар есебінен: 1000 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен жүгері, 1000 гектарға жаңбырлатып суару тәсілімен жүгері, 1623 гектарға бидай, 60 гектарға сүрлемдік жүгері, 120 гектарға мал азықтық асқабақ егілген. Осы технологиялар суды үнемдеп қана қоймай, өнімділікті арттыруға, шығынды азайтуға және жердің құнарлылығын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл 10 мың гектар жер лазерлік тегістеуден өткізілді. Былтыр бұл көрсеткіш 7800 гектар болған еді. Демек, су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жыл сайын кеңейіп келеді.
Мол өнім алу егіс жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Осы мақсатта аудан шаруашылықтары егіске қажетті 15 мың 300 тонна минералды тыңайтқышты толық алып, егістік алқаптарына енгізуде. Сондай-ақ арамшөптерге қарсы 13 мың 547 литр гербицид толық жеткізіліп, жоспарға сәйкес қолданылып жатыр. Ал көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жеңілдетілген дизель отынының литрі 281 теңгеден шаруаларға ұсынылыпты.
Аудан диқандары өндірген өнім ішкі нарықпен ғана шектелмей, сыртқы нарыққа да шығарылып келеді. Қазіргі таңда 5,4 мың тонна күріш пен бау-бақша өнімдері Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларына және еліміздің өзге өңірлеріне экспортталуда.
Ауыл шаруашылығында техникалық жарақтандыру ерекше маңызға ие. Соңғы төрт жылдың ішінде ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары отандық және шетелдік техникаларды сатып алу арқылы техника паркін 68,5 пайызға жаңартқан.
Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жұмыстар да жалғасуда. Биыл бағдарлама бойынша бақылау кеңесінің қарауына жалпы құны 536 миллион теңгені құрайтын 52 жоба ұсынылды. Олардың ішінде 310 миллион теңгені қамтитын 31 жоба мақұлданып, жүзеге асыру кезеңіне өтіпті. Аудан әкімі бұл бағдарламаның ауыл тұрғындарының өз кәсібін дамытуына, жаңа жұмыс орындарын ашуына және табысын арттыруына зор мүмкіндік беріп отырғанын ерекше атап өтті.
Егіншіліктің табысты болуы су жүйесінің жай-күйіне тікелей байланысты. Шиелі ауданындағы елді мекендер мен егістік алқаптарын суландыратын жалпы ұзындығы 38,2 шақырым болатын 10 каналға демеушілер есебінен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленген. Қазіргі уақытта жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер жолданыпты. Бұл жобалар жүзеге асқанда су шығыны азайып, суару жүйесінің тиімділігі артып, ауыл шаруашылығы алқаптарының сумен қамтылу сапасы едәуір жақсармақ. Сонымен қатар Сұлутөбе ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін және экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында құны 1 миллиард 912 миллион теңге болатын, ұзындығы 28 шақырымдық «Құмжарған» каналы қазылуда. Бүгінгі күнге дейін оның 5 шақырымы толық қазылып бітсе, қалған 23 шақырымын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жоба толық іске асқанда Майлытоғай ауылдық округінің шабындық жерлері мен Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты 1 Мамыр және Жаназар батыр ауылдары аяқ сумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 5 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы алқабына жүгері, жоңышқа және басқа да су үнемдейтін дақылдарды егуге мүмкіндік туады.
ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ
Шиелі ауданында да құрылыс саласы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Әлеуметтік нысандардың саны артып, инженерлік инфрақұрылым жаңарып, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Шиелі ауданында да құрылыс саласы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Әлеуметтік нысандардың саны артып, инженерлік инфрақұрылым жаңарып, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Брифингте аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құрылыс саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, әрбір нысан халықтың сұранысы мен қажеттілігіне сай жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Бүгінде аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Шиелі кентіндегі Абай көшесінде орналасқан спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы келісімшарт құны 249 миллион 891 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 2025-2026 жылдарға аудандық бюджеттен 120 миллион теңге, ал облыстық бюджеттен 129 миллион 891 мың теңге бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.
Сонымен қатар Жөлек ауылдық округінде жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқын алды. Жалпы жобалық құны 613 миллион 900 мың теңге болатын бұл нысанға қазіргі таңда 182 миллион теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2027 жылға өтпелі нысан ретінде іске асырылмақ. Аудан басшысының айтуынша, мұндай спорт нысандары жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыруға да зор мүмкіндік береді.
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру инженерлік инфрақұрылымның дамуымен тікелей байланысты. Бүгінде Шиелі кентінің «Береке» мөлтек ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 269 миллион 700 мың теңгені құрайтын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба іске асқаннан кейін жаңа тұрғын үй аумағындағы жүздеген отбасы көгілдір отынның игілігін көреді. Сонымен қатар аудандағы жол қатынасын жақсарту мақсатында Шиелі кентіндегі Есабыз және Әлия Молдағұлова көшелерінің қиылысындағы К-4 каналы арқылы автомобиль көпірін салу жобасы қолға алыныпты. Осы мақсатқа биыл жергілікті бюджеттен 125 миллион теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.
Теміржол – Шиелінің экономикалық және әлеуметтік тыныс-тіршілігіндегі маңызды күретамырлардың бірі. Мемлекет басшысының еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес республика бойынша 124 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өткізілуде. Сол ауқымды жұмыстардың қатарында «Шиелі теміржол» вокзалы да толық жаңғыртылды. Жалпы құны 836 миллион теңгеден астам қаржыға жүзеге асқан жоба аясында вокзал ғимаратының қасбеті өңделіп, іргетасы қапталып, шатыры ауыстырылып, есік-терезелері толық жаңартылған. Сондай-ақ электр желілері қайта тартылып, жылу жүйесі жүргізіліп, перрон мен вокзал аумағы абаттандырылды. Тарихи деректерге сүйенсек, «Шиелі теміржол» вокзалы 1903 жылы салынған. Жалпы аумағы 637 шаршы метрді құрайтын ғимаратқа соңғы күрделі жөндеу 2012 жылы жүргізілген болатын. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша басталған қайта жаңғырту жұмыстары биыл толық аяқталып, 2026 жылдың маусым айында аймақ басшысының қатысуымен пайдалануға берілді. Бүгінде жаңарған вокзал тәулігіне 200 жолаушыға қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.
Құрылыс жұмыстары аудан орталығымен ғана шектелмейді. Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Бидайкөл елді мекеніндегі стадионды қайта жаңғыртуға 44 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. Ал Сұлутөбе ауылында жалпы құны 39 миллион теңге болатын шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңын салуға қажетті қаржы толық қарастырылып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Бұл жобалар ауыл жастарының спортпен айналысуына, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де құрылыс саласының маңызды бағыттарының бірі. Өткен жылы Бәйгеқұм ауылдық округінде төтенше жағдайлар мен өрттің алдын алу пункті пайдалануға берілсе, биыл дәл осындай нысандар Еңбекші және Сұлутөбе ауылдық округтерінде салынуда. Аудан әкімі бұл нысандардың ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту да назардан тыс қалған жоқ. Шиелі кентіндегі №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейіне ішінара ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 67 миллион теңге бөлініпті. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, жөндеу жұмыстары бастау кезеңіне өткен.
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Осы бағытта Шиелі ауданында соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарылды. 2023-2026 жылдар аралығында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 280 пәтер пайдалануға берілген. Атап айтқанда, 2023 жылы 50 пәтер сатып алуға 506,8 миллион теңге бөлінген, 2024-2025 жылдары 178 пәтер сатып алуға 2 миллиард 856 миллион теңге қарастырылған. 2025 жылы тағы 52 пәтер сатып алуға 775,8 миллион теңге бағытталды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жүздеген отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді.
Тұрғын үй құрылысы мұнымен тоқтап қалмайды. Биыл облыстық бюджеттен жалпы құны 3 миллиард 95 миллион теңге болатын 100 тұрғын үй немесе 200 пәтер сатып алуға қаржы бөлініпті. Қазіргі таңда тұрғын үйлер салынатын жер телімі нақтыланып, құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық жүргізілуде. Сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 893 миллион 693 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар қолға алыныпты. Аудан әкімі атап өткендей, тұрғын үй құрылысын инженерлік желілермен қатар дамыту – алдағы жылдардағы басым бағыттардың бірі.
ЖОЛ – ЭКОНОМИКАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ
Елдің дамуы ең алдымен оның инфрақұрылымының сапасымен өлшенеді. Жолы тегіс, жарығы тұрақты, газы мен ауыз суы қолжетімді елді мекеннің тұрмысы да еңселі болады. Сондықтан инфрақұрылымды жаңғырту – бүгінгі күннің ғана емес, келешектің де маңызды инвестициясы.
Елдің дамуы ең алдымен оның инфрақұрылымының сапасымен өлшенеді. Жолы тегіс, жарығы тұрақты, газы мен ауыз суы қолжетімді елді мекеннің тұрмысы да еңселі болады. Сондықтан инфрақұрылымды жаңғырту – бүгінгі күннің ғана емес, келешектің де маңызды инвестициясы.
Шиелі ауданында бұл бағыттағы жұмыстар соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Автомобиль жолдарын жаңғырту, газдандыру аясын кеңейту, электр желілерін жаңарту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында қолға алынған жобалар ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға тың серпін беруде.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков бұл салалардың халықтың күнделікті тұрмысымен тікелей байланысты екенін айтып, әрбір жоба тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын жеткізді.
Бүгінде Шиелі ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 325,9 шақырымды құрайды. Оның 80 шақырымы республикалық, 100,5 шақырымы облыстық, ал 145,4 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары. Аудандық маңыздағы жолдардың 138,1 шақырымы, яғни 94,9 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал республикалық және облыстық маңыздағы жолдар толықтай, яғни 100 пайыз асфальтталған.
Жол құрылысына бюджет қаражатымен қатар, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындардың қолдауы да үлкен серпін беруде. Соның жарқын мысалы – «Шиелі – Тайқоңыр» автомобиль жолының күрделі жөндеуі. Жоба «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының еншілес ұйымы «KAP Logistics» ЖШС-нің демеушілігімен жүзеге асырылып, жалпы ұзындығы 13 шақырым жол толық жаңғыртылған. Жобаның жалпы құны 2 миллиард 500 миллион теңгені құрады. Бұл жолдың пайдалануға берілуі аудан тұрғындарының қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, ауылдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-нің қолдауымен «Самара – Шымкент – Еңбекші» автомобиль жолының 4,3 шақырымын реконструкциялау жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы жобаның құны 1 миллиард 200 миллион теңгені құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Орда Автодор» ЖШС жүргізуде. Жоба биылғы сәуір айынан бастап іске асырылуда. Сонымен қатар аудандық маңыздағы «Самара – Шымкент» автомобиль жолының 8 шақырымын қайта жаңғырту жобасына қажетті 1 миллиард 631,5 миллион теңге толық бөлініп, жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімінің айтуынша, аталған жоба қыркүйек айында толық пайдалануға беріледі.
АУЫЛ КӨШЕЛЕРІ ДЕ ЖАҢАРУДА
Бүгінде Алғабас елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 3,1 шақырым болатын алты көшеге (Абай Құнанбайұлы, Достық, Мәдениет, Атамекен, Ш.Ділдебаев және А.Иманов көшелері) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға жергілікті бюджеттен 764 миллион 600 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары тамыз айында толық аяқталады деп жоспарлануда.
Бүгінде Алғабас елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 3,1 шақырым болатын алты көшеге (Абай Құнанбайұлы, Достық, Мәдениет, Атамекен, Ш.Ділдебаев және А.Иманов көшелері) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға жергілікті бюджеттен 764 миллион 600 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары тамыз айында толық аяқталады деп жоспарлануда.
Ал Шиелі кентіндегі 21 көшені және көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс жолдарын жөндеуге арналған жалпы құны 5 миллиард 300 миллион теңгені құрайтын жобалау-сметалық құжаттама демеушілердің қолдауымен әзірленіпті. Бұл жоба 2026-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен іске асырылады. Биыл оның алғашқы кезеңі ретінде 11 көшеге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары басталған. Сонымен бірге ұзындығы 4 шақырым болатын Қожа Ахмет Ясауи, Ш.Бәкіров және Есабыз көшелерін қайта жаңғырту жобасының жалпы құны 1 миллиард 500 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда оның 900 миллион теңгесі қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА
Жолдың сапасы ғана емес, қауіпсіздігі де маңызды. Осы мақсатта Шиелі кентіндегі Самара – Шымкент тас жолы мен И.Әбдікәрімов көшесінің қиылысына жаңа бағдаршам орнатылып, айналасы абаттандырылған. Бұл жұмыстарды «Аңсар Строй» ЖШС жалпы құны 30 миллион 60 мың теңгеге орындапты. Сонымен қатар аудан бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 65 миллион 500 мың теңге бөлініп, бейнебақылау камераларын, жол белгілерін және жасанды жол кедергілерін күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Шиелі кентінде 72 бейнебақылау камерасы, 8 жылдамдық өлшегіш камерасы және 18 жерде көлік бағдаршамы жұмыс істейді. Ал аудан тұрғындарына қызмет көрсету мақсатында 21 ауылдық бағыт және кент ішінде 5 қоғамдық көлік бағыты күнделікті үздіксіз қатынауда.
Жолдың сапасы ғана емес, қауіпсіздігі де маңызды. Осы мақсатта Шиелі кентіндегі Самара – Шымкент тас жолы мен И.Әбдікәрімов көшесінің қиылысына жаңа бағдаршам орнатылып, айналасы абаттандырылған. Бұл жұмыстарды «Аңсар Строй» ЖШС жалпы құны 30 миллион 60 мың теңгеге орындапты. Сонымен қатар аудан бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 65 миллион 500 мың теңге бөлініп, бейнебақылау камераларын, жол белгілерін және жасанды жол кедергілерін күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Шиелі кентінде 72 бейнебақылау камерасы, 8 жылдамдық өлшегіш камерасы және 18 жерде көлік бағдаршамы жұмыс істейді. Ал аудан тұрғындарына қызмет көрсету мақсатында 21 ауылдық бағыт және кент ішінде 5 қоғамдық көлік бағыты күнделікті үздіксіз қатынауда.
ГАЗДАНДЫРУ – ЖАЙЛЫ ӨМІРДІҢ НЕГІЗІ
Бүгінде Шиелі ауданында 19 елді мекен көгілдір отынға қосылған. Олар: Шиелі кенті, Бидайкөл, Ы.Жақаев, Ақмая, Қосарық, Досбол датқа, Алмалы, Бестам, Жиделіарық, Байсын, Еңбекші, Алғабас, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаев, Ш.Қодаманов, Ортақшыл, 22-бекет, 21-бекет және Жансейіт ауылдары. Нәтижесінде аудан халқының 81 пайызы, яғни 69 мың 615 тұрғын табиғи газдың игілігін көріп отыр. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.
Бүгінде Шиелі ауданында 19 елді мекен көгілдір отынға қосылған. Олар: Шиелі кенті, Бидайкөл, Ы.Жақаев, Ақмая, Қосарық, Досбол датқа, Алмалы, Бестам, Жиделіарық, Байсын, Еңбекші, Алғабас, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаев, Ш.Қодаманов, Ортақшыл, 22-бекет, 21-бекет және Жансейіт ауылдары. Нәтижесінде аудан халқының 81 пайызы, яғни 69 мың 615 тұрғын табиғи газдың игілігін көріп отыр. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.
Аудан үшін өзекті жобалардың бірі – Тартоғай ауылындағы Мұстафа Шоқай атындағы автоматтандырылған газ тарату станциясының (АГТС) құрылысы. Аталған жоба іске асқанда Тартоғай, Сұлутөбе, Майлытоғай, 1 Мамыр, Жаназар батыр, Бәйгеқұм, Бала би және Жөлек ауылдары табиғи газбен қамтылады. Қазіргі таңда жердің нысаналы мақсаты өзгертіліп, жобалық-сметалық құжаттамаға тиісті түзетулер енгізілуде. Сонымен қатар аудандық бюджеттен 33 миллион 740 мың теңге бөлініп, Ш.Қодаманов ауылындағы №158 мектептің, «Ақбота» балабақшасының, Ақмая ауылындағы №49 мектептің, Ы.Жақаев ауылындағы «Балдырған» балабақшасының және Шиелі кентіндегі «Жадыра» балабақшасының қазандықтарын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Ал Иіркөл ауылдық округіне қарасты Жансейіт ауылындағы №133 мектептің бу қазандығы 7 миллион теңгеге табиғи газға ауыстырылуда.
САПАЛЫ АУЫЗСУ
Тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытында Шиелі ауданында толық көрсеткішке қол жеткізілді. Бүгінде ауданның 85 мың 400 тұрғыны, яғни 100 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде 21 елді мекен орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. 9 елді мекен жергілікті ұңғымалар арқылы, 3 елді мекен блок-модульді су тұщытқыштары арқылы таза ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
Тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытында Шиелі ауданында толық көрсеткішке қол жеткізілді. Бүгінде ауданның 85 мың 400 тұрғыны, яғни 100 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде 21 елді мекен орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. 9 елді мекен жергілікті ұңғымалар арқылы, 3 елді мекен блок-модульді су тұщытқыштары арқылы таза ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА
Электр энергиясының тұрақтылығы – кез келген өңірдің тұрақты дамуының кепілі. Шиелі ауданында бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 883,3 шақырым электр желісі мен 609 қосалқы станса жұмыс істейді. Соңғы екі жыл ішінде аудандағы электр желілерінің тозу деңгейі 78 пайыздан 43 пайызға дейін төмендеген. Осы мақсатта жалпы ұзындығы 377,36 шақырым электр желісі жаңартылыпты. Оның ішінде 253,19 шақырымы – 10 кВ желісі, 124,17 шақырымы – 0,4 кВ желісі.
Электр энергиясының тұрақтылығы – кез келген өңірдің тұрақты дамуының кепілі. Шиелі ауданында бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 883,3 шақырым электр желісі мен 609 қосалқы станса жұмыс істейді. Соңғы екі жыл ішінде аудандағы электр желілерінің тозу деңгейі 78 пайыздан 43 пайызға дейін төмендеген. Осы мақсатта жалпы ұзындығы 377,36 шақырым электр желісі жаңартылыпты. Оның ішінде 253,19 шақырымы – 10 кВ желісі, 124,17 шақырымы – 0,4 кВ желісі.
Биыл облыстық бюджеттен 57 миллион 571 мың теңге бөлініп, Бидайкөл, Жиделіарық және Ә.Тәжібаев ауылдарында сыртқы электр желілерінің құрылысы аяқталып, нысандар пайдалануға берілді.
Ал Бәйгеқұм және Қодаманов ауылдарындағы 10/0,4 кВ электр желілерін реконструкциялау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 617 миллион 252 мың теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Айтбай Жандарбеков білім мен денсаулық сақтау саласы қай кезде де мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін айтып, аудан тұрғындарының сапалы білім алып, қолжетімді медициналық көмекке ие болуы басты міндет екенін атап өтті.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Айтбай Жандарбеков білім мен денсаулық сақтау саласы қай кезде де мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін айтып, аудан тұрғындарының сапалы білім алып, қолжетімді медициналық көмекке ие болуы басты міндет екенін атап өтті.
«Елдің ертеңі – білімді ұрпақтың қолында» деген қағида бүгінде нақты істермен дәлелденіп келеді. Шиелі ауданында қазіргі таңда 37 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 жеке мектеп, 18 мемлекеттік және 65 жекеменшік балабақша халыққа қызмет көрсетуде. Ең бастысы – аудан мектептерінде үш ауысыммен оқыту мәселесі жоқ. Бұл білім беру сапасын арттыруға жасалған маңызды қадамдардың бірі.
Аудан әкімі өз баяндамасында халық санының жылдан-жылға артып келе жатқанын атап өтті:
– Өздеріңізге белгілі, жыл өткен сайын аудан халқының саны көбейіп келеді. Соған сәйкес мектептердегі оқушылар саны да өсуде. Бастысы – елдің ертеңі саналатын балаларымыздың еш алаңсыз, заман талабына сай білім алуы үшін барлық жағдайды жасау – біздің негізгі міндетіміз, – деді Айтбай Жандарбеков.
Білім сапасының басты өлшемдерінің бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы. Биыл Шиелі ауданының мектеп бітірушілері жоғары нәтиже көрсетіп, ауданның орташа көрсеткіші 85,7 балды құрады. Осы нәтиже арқылы Шиелі ауданы облыс бойынша үшінші орынға көтерілді. Айта кету керек, өткен жылы ауданның орташа көрсеткіші 84,3 бал болып, облыста төртінші орынға жайғасқан болатын.
Биыл аудан мектептерін аяқтаған түлектердің жетістігі де ерекше. 2026 жылы 109 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанса, 93 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төсбелгісін иеленді. Аудан басшысы білім саласындағы мұндай жетістіктердің кездейсоқ емес екенін айтып, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мен білім беру сапасын көтеру бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.
Халық даналығында «Денсаулық – зор байлық» деген сөз бекер айтылмаған. Аудан тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына жағдай жасау мақсатында денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде Шиелі ауданында 250 төсек-орындық көпбейінді аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 2 ауылдық аурухана, Көкшоқы ауруханасы, 19 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 13 медициналық бекет халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Аталған медициналық ұйымдар аудан тұрғындарының алғашқы медициналық көмектен бастап мамандандырылған ем қабылдауына дейін толық мүмкіндік жасап отыр.
Соңғы жылдары аудан медицинасының материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Өткен жылы Шиелі кентіндегі көпбейінді орталық аудандық ауруханаға қосымша блок салынып, магниттік-резонанстық томография (МРТ) бөлімін орналастыруға арналған құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Құрылысқа 733 миллион теңге жұмсалған болатын. Ал биыл бұл бөлімге 650 миллион теңгенің заманауи МРТ аппараты орнатылып, аудан тұрғындарының игілігіне берілді. Аудан әкімі бұл медициналық құрылғының іске қосылуы тұрғындардың күрделі диагностикалық тексерулер үшін облыс орталығына немесе басқа қалаларға бару қажеттілігін едәуір азайтатынын ерекше атап өтті.
– Біздің басты мақсатымыз – халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Заманауи МРТ аппаратының іске қосылуы осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды, – деді аудан басшысы.
Медицина саласындағы жұмыстар жаңа құрал-жабдықтар алумен ғана шектелмейді.Ағымдағы жылы Шиелі кентіндегі Көкшоқы мөлтек ауданындағы емхана мен Бәйгеқұм ауылдық округіндегі ауылдық ауруханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 13 миллион 400 мың теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып, жоспарлы түрде жүргізілуде.
ТАЗА ОРТА – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
Соңғы жылдары Шиелі ауданында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қолға алынған бастамалар аудан тұрғындарын ортақ іске жұмылдырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға тың серпін берді.
Соңғы жылдары Шиелі ауданында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қолға алынған бастамалар аудан тұрғындарын ортақ іске жұмылдырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға тың серпін берді.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков абаттандыру жұмыстары ауданның дамуындағы басым бағыттардың бірі екенін айтып, таза әрі жайлы орта қалыптастыру тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әрбір тұрғынның азаматтық борышы екенін ерекше атап өтті.
Абаттандыру жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі – ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру. Бүгінде Шиелі кентіндегі «Базар арығы» ішкі шаруашылық каналы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Жалпы ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын каналдың облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 1,2 шақырым бөлігі темір-бетонмен қапталып, құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Ал қалған 3,8 шақырымын жыл соңына дейін бетондау жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 553 миллион теңгені құрайды. Бас мердігер – «Мелиоратор» ЖШС.
Аудан әкімінің айтуынша, бұл жұмыстар су өткізу қабілетін арттырып қана қоймай, кенттің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы елді мекеннің басты талаптарының бірі – сапалы көше жарығы. Осы мақсатта Шиелі кентіндегі Ж.Ердешбаев, Ағыбай батыр, Ұ.Алтайбаева, Сапарбеков, Ө.Жаленов, Д.Тұрсынов көшелері, сондай-ақ Шәкәрім, Оразов және Д.Нүрпейісова көшелерінің тұйықтарына жаңадан түнгі жарық шамдары орнатылады. Осы жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған.
Аудан аумағындағы Оқшы ата, Асан ата, Есабыз әулие, Ғайып ата, Бала би, Досбол би және Қыш ата кесенелері Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы аясында «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енген. Осы тарихи-рухани орындарға келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында демеушілердің қолдауымен кесенелер аумағында жаңа жаяу жүргіншілер жолдары салынған. Аталған жұмыстар қасиетті орындардың туристік әлеуетін арттырумен қатар, тарихи мұраға деген құрметтің нақты көрінісіне айналып отыр.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгінде Шиелі ауданында кең көлемде жалғасуда. Аудан әкімі бұл акцияны бір реттік сенбілік емес, күнделікті өмір салтына айналдыру қажеттігін айтты.
– Тазалық – тек коммуналдық мекемелердің міндеті емес. Ол – әрбір азаматтың туған жерге деген жанашырлығының көрінісі. Сондықтан бұл іске бүкіл қоғам болып атсалысуымыз қажет, – деді Айтбай Жандарбеков.
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген жаңа талаптарға сәйкес, абаттандыру қағидалары негізінде әрбір тұрғын өз үйінің ауласы мен оған іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл бастама аудан тұрғындарының кең қолдауына ие болып, бүгінде тазалық мекемелері, кәсіпкерлер, өндіріс орындары және тұрғындардың бірлескен жұмысына ұласты. Жаз мезгілінде шаң-тозаңның алдын алу мақсатында көшелерді су себу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда үш арнайы техника екі бағыт бойынша күн сайын жұмыс атқаруда. Бірінші бағытқа М.Шоқай, Абылай хан, А.Байтұрсынов, Ы.Жақаев, Т.Рысқұлов, М.Қаратаев және Тәуелсіздік көшелері енгізілсе, екінші бағыт бойынша С.Сейфуллин, Бұдабай, Қожа Ахмет Ясауи, Дәулеткерей, Досбол датқа, Әл-Фараби, Ш.Бәкіров, Шәкәрім, Н.Бекежанов, Самара–Шымкент тас жолы, И.Әбдікәрімов көшесі мен аудандық емхана аумағы тұрақты түрде суарылып келеді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданның тазалығына үлес қосқан азаматтарды ынталандыру да жүйелі қолға алынған. Президент бастамасы негізінде жүзеге асқан бұл шараның мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру және олардың еңбегін лайықты бағалау. Бүгінге дейін аудан бойынша 5 азаматқа Сарыағаш шипажайына жолдама, ал 27 азаматқа қаржылай сыйақы табысталды. Сонымен қатар аудан орталығында қоғамдық жұмыстарға тартылған 40 азаматқа қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған.
ЖАСТАР – ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ
Бүгінде Шиелі ауданында 27 мың 645 жас тұрады. Бұл аудан халқының 32 пайызын құрайды. Жастардың қоғамдық белсенділігі де жыл сайын артып келеді. Жыл басынан бері 7 мыңға жуық шиелілік ерікті түрлі қайырымдылық және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан. Ал «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында биыл 110 жас уақытша жұмыспен қамтылып, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосуда. Бұл жастардың еңбекке баулуына ғана емес, туған жерге деген жауапкершілігін қалыптастыруға да үлкен ықпал етіп отыр.
Бүгінде Шиелі ауданында 27 мың 645 жас тұрады. Бұл аудан халқының 32 пайызын құрайды. Жастардың қоғамдық белсенділігі де жыл сайын артып келеді. Жыл басынан бері 7 мыңға жуық шиелілік ерікті түрлі қайырымдылық және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан. Ал «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында биыл 110 жас уақытша жұмыспен қамтылып, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосуда. Бұл жастардың еңбекке баулуына ғана емес, туған жерге деген жауапкершілігін қалыптастыруға да үлкен ықпал етіп отыр.
Экономикалық өсім мен әлеуметтік жобалардың табысты жүзеге асуы ең алдымен қоғамдағы тұрақтылыққа байланысты. Бұл тұрғыда Шиелі ауданындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Аудан әкімі өз сөзінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындармен кері байланысты күшейту және құқықтық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
Алты ай – уақыт өлшемімен алғанда қысқа мерзім. Алайда сол алты айдың ішінде атқарылған жұмыстарға зер салсақ, Шиелі ауданында жүйелі жоспар мен нақты нәтиженің үйлесім тапқанын аңғару қиын емес. Экономикадағы өсім, бюджет кірісінің артуы, өндіріс пен ауыл шаруашылығының дамуы, кәсіпкерлікке көрсетілген қолдау, инвестициялық жобалардың жүзеге асуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, әлеуметтік қолдау шаралары, тұрғын үй құрылысы, жолдардың жаңаруы, газдандыру, сапалы ауыз су, электр желілерін жаңғырту, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы оң өзгерістер, абаттандыру мен жастар саясаты – мұның бәрі ауданның кешенді даму жолына түскенін айқын көрсетеді.
Жиын соңында ресми баяндама еркін пікір алмасуға ұласты. Журналистер ауданның өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарын қойып, келелі ұсыныстарын ортаға салды. «Қызылорда» телеарнасының арнаулы тілшісі Мария Умарова білім саласы мен жоғары оқу орындарына түсетін түлектердің көрсеткішіне қатысты сауал көтерсе, halyqline.kz сайтының редакторы Ердәулет Қалиев Ортақшыл ауылындағы №150 қазақ орта мектебіне оның негізін қалаушы Мінат Қалдыбайұлының есімін беру жөніндегі ұсынысын жеткізді. Ал «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Нұрболат Пірімбет егін шаруашылығы төңірегіндегі сауалын жолдады. Аудан әкімі әрбір сауалға нақты жауап беріп, айтылған ұсыныстардың назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
Сұлушаш МАДИЯРОВА








