Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдадыҚасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты. Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі. Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды.



14 шілде 2026 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930