Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

Демалыс күндері Конституцияның жаңа жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдум аясында ауқымды үгіт-насихат және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Шаралар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен бірнеше қоғамдық орында өтті.
Алдымен түсіндіру жұмыстары «Береке» сауда орталығында ұйымдастырылды. Аудан тұрғындары мен жолаушыларға алдағы саяси науқанның маңызы жан-жақты түсіндіріліп, Конституциялық реформаның негізгі бағыттары жөнінде ақпарат берілді. Көпшілік назарына «Сыр маржаны» халықтық мәдени-үгіт бригадасының концерттік бағдарламасы ұсынылып, мазмұнды қойылымдар мен әсерлі әндер көпшіліктің көңілінен шықты.
Сонымен қатар үгіт-насихат шарасы орталық сапаржайда жалғасын тапты. Мұнда да тұрғындарға референдумның ел дамуы үшін маңыздылығы түсіндіріліп, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырылды. Шиелі кенті әкімдігінің қолдауымен «Арман» мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер шырқап, ел бірлігі мен ынтымағын дәріптеді.
Естеріңізге сала кетейік, 15 наурыз күні елімізде Конституцияның жаңа жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл – ел ертеңіне деген сенімнің көрінісі, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне бастайтын тарихи қадам.
Конституция – мемлекеттің тірегі, халықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Әрбір дауыс – болашаққа берілген баға. Әрбір таңдау – елдің ертеңіне қосылған үлес.
Ендеше, 15 наурыз күні әрқайсымыз азаматтық жауапкершілік танытып, референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасайық!

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
24 ақпан 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728