Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжірибе мен тағылым тоғысқан жиын

Тәжірибе мен тағылым тоғысқан жиын

Шиеліде аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті ІХ конференциясы өтті. Маңызды жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, облыстық және аудандық ардагерлер ұйымдарының өкілдері, кент пен ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, конференция делегаттары қатысты. Айта кетейік, бұған дейін аудан ардагерлерінің конференциясы 2021 жылы өтті.
Конференция жұмысын аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы ашып, ардагерлердің ел дамуына қосып отырған өлшеусіз үлесіне тоқталды. Ардагерлер – қоғамның алтын қоры екенін атап өткен аудан басшысы олардың өнегелі істері мен ақыл-кеңесі өскелең ұрпақ үшін әрдайым үлгі екенін жеткізді.
Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил жүргізіп отырды. Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил екі конференция аралығында атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндама жасады. Баяндамада ардагерлер ұйымының қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуы, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, салт-дәстүрді насихаттау, әлеуметтік мәселелерге үн қосу бағытында жүргізілген жұмыстар жан-жақты айтылды.
Баяндаманы талқылау барысында аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Айжамал Әбдіхамитқызы, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбет, Тартоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Басаман Пірімбетов сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы міндеттер жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – ұйымдастыру жұмыстарына арналды. Пленум мүшелері тізіміне өзгерістер енгізіліп, бастауыш ардагерлер ұйымдарының санының артуына байланысты пленум құрамы 49 адам болып бекітілді. Сондай-ақ алқа мүшелерін сайлау, облыстық ардагерлер кеңесінің пленум мүшелері мен облыстық ІХ конференцияға делегаттарды ұсыну мәселелері қаралды. Ұсынылған кандидаттар ашық дауыс беру арқылы бірауыздан қолдау тапты.
Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің алқа мүшелерінің шешімімен уәкілеттік мерзімі аяқталған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил қайта сайланды.
Конференция барысында бірқатар ардагерге қоғамдық жұмысқа белсене қатысқаны үшін марапаттар табысталды. Жиын соңында облыстық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Бақыт Нұртазаев қорытынды сөз сөйлеп, ардагерлер ұйымының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Конференция батамен түйінделді. ­Досбол датқа ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Дайрабай Сармолдаев ақсақал елдің амандығын, бірлігін тілеп, ақ батасын берді.
Осындай тағылымды жиын ардагерлердің қоғамдағы рөлін айқындай түскен маңызды басқосу болды.

Гүлхан ЯХИЯ,
Суретті түсірген Бақытжан БӘЙІМБЕТ
21 қаңтар 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031