Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ V ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ V ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

Жуырда аудандық ардагерлер кеңесінің «Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз» атты кезекті V пленум отырысы ұйымдастырылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында өткен жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, биылғы жоспар баяндалды. 
Пленумның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов ардагерлердің қоғамдағы рнөліне тоқталды. – Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – біздің ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз. Сіздердің ауданның өркендеуі мен дамуына қосқан ерен үлестеріңіз, өмірлік тәжірибелеріңіз ел экономикасының алға басуына маңызды серпін береді. Соңғы жылдары аға буынның еңбек жолы мен ғибратты ғұмыры жастар үшін үлгі болуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Ауданымыздың әлеуметтікэкономикалық жағдайы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Бүгінде ауданымызда 9561 ардагер бар, олардың әрқайсысы біздің қоғамның маңызды бөлігі. Ардагерлер кеңесі мен әйелдер кеңесі ауданымыздың рухани тірегі ретінде жұмыс істеп келеді. Өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды осы кеңестер жалғастыра береді деп сенеміз, – деді аудан әкімінің орынбасары. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев ардагерлер ұйымының қоғамдағы ерекше рөлін атап, олар Үкімет пен халықтың арасын байланыстыратын маңызды буын екенін айтқан болатын. Түйіткілді мәселелерді шешуде ардагерлер ұйымының азаматтық қоғамдағы орны зор. Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил өткен жылы жұмыстарды саралап, аға буын өкілдерінің мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, халық бірлігі мен ел тұтастығын түсіндіру мен насихаттау жұмыстарына белсене араласқанын атап өтті. – Президентіміздің Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламалардың ж ү з е г е а с ы р ы л у ы е л і м і з д і ң экономикалық және саяси жүйесінің жаңа бағытқа бет алғанын көрсетеді. Аудандық ардагерлер кеңесі де өткен жылы көптеген маңызды шаралар ұйымдастырып, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Ардагерлер ұйымы – ең беделді және бұқаралық ұйым. Біз бұл жұмысымызды жалғастырып, ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін арттыруды мақсат етеміз, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысында айтқан сөздеріне орай, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Шиелі ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Н.Елтай хабарлама жасады. Жарыс сөзге Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы Қазақстан халқы ассамблеясының ақсақалдар кеңесінің төрағасы И.Байкенжеев шықты. Аудандық жұмыспен қамтуды ү й л е с т і р у ж ә н е ә л е у м е т т і к бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Д.Баймағамбетов «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына дайындық және мерекелеу туралы» хабарлама жасады. Пленум мүшелерінің құрамын бекіту туралы қаулыны аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Т.Бабасов таныстырды. Шара соңында өңірдегі ардагерлер қозғалысының дамуына, ауданның әлеуметтік-экономикалық және рухани өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар ардагерлер аудан әкімінің және ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ,
Сурет Б.БӘЙІМБЕТТІКІ
01 сәуір 2025 ж. 128 0