Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкент жастар театры Алжирде Гран-при жеңіп алды

Шымкент жастар театры Алжирде Гран-при жеңіп алды

Шымкент жастар театры Алжирде Гран-при жеңіп алдыАлжирде өткен «The International Cultural Festival of Desert Theatre» халықаралық театр фестивалінде Қазақстан атынан барған Шымкент жастар театры Бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Театр ұжымы Жан Ануйдың «Антигона» шығармасы негізінде дайындаған қойылымды қойды. Бас жүлдені Алжир Халық Демократиялық Республикасының Мәдениет министрі салтанатты жағдайда табыстады.
Фестивальге Қытай, Сауд Арабиясы, Тунис, Испания, Германия, Ливан, Сирия, Ирак, Дания, Солтүстік Македония, Мавритания мен Алжир сияқты елдердің театр ұжымдары қатысты.
«Антигона» қойылымының режиссері Қуандық Қасымов. Қоюшы суретші Қалтөре Жұмақұлов. Театр директоры Расул Махмудұлы шығармашылық ұжымның жеңісі халықаралық аренада қазақ театр өнерінің беделін көтерген айрықша оқиға болғанын жеткізді.
Осы фестивальде театрдың жас актрисасы Айым Онай «Ең үздік әйел» номинациясының жеңімпазы атанды.

Шымкент
10 желтоқсан 2025 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031