Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ жазушысы Нобель иегері Мо Янға «Абай» кітабын сыйлады

Қазақ жазушысы Нобель иегері Мо Янға «Абай» кітабын сыйлады


Қазақ жазушысы Нобель иегері Мо Янға «Абай» кітабын сыйладыБейжіңде тұратын қазақ жазушысы Акбар Мәжит әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янның отбасына арнайы амандаса барып, оған қытай тілінде жарық көрген Абай туралы кітап пен Қазақстан музыкасы туралы антологияны сыйға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.  Акбар Мәжит – ұлтымыз үшін көрнекті тұлға. Қытай тілінде қалам тербейтін бірден-бір қазақ қаламгері. Қытай астанасындағы «Қытай жазушылары» баспа тобы директорының орынбасары, «Қытай жазушылары» әдеби журналының бас редакторы болып қызмет атқарған. Қаламгердің «Қайран он бестегі Қалида-ай», «Ақсақ құлан», «Мұхаммет пайғамбар», «Мұқали» сияқты шығармалары жарық көрген. Абайдың қара сөздерін қытай тіліне аударған. ҚХР Халықтың саяси кеңесінің мүшесі, үш мәрте ҚХР Мемлекеттік сыйлығының, II дәрежелі «Достық» орденінің иегері.






10 желтоқсан 2025 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031