Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас жазушы Баян Тасқынұлы Қытайдың Саньмао әдеби сыйлығының иегері атанды

Жас жазушы Баян Тасқынұлы Қытайдың Саньмао әдеби сыйлығының иегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайда тұратын қандасымыз Баян Тасқынұлы Саньмао атындағы прозалық шығармалар сыйлығының «Жас талап» номициясына ие болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі NetEase сайтына сілтеме жасап. Ол сыйлыққа «Қыран бойында» атты эссесімен ұсынылып отыр. «Қыран бойында» шығармасында Баян Тасқынұлы Алтайдың Ласты ауылының Ноғайты елді мекенінде өткерген бақытты балалық шағы туралы сыр шертеді, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігінің көркем суретін жасап, заман талабы тудырған әлеуметтік өзгерістер туралы ойымен бөліседі. Баян Тасқынұлы 1999 жылы Алтай қаласында туған, Гуанчжоу университеті Қытай әдебиеті факультетінің түлегі. Әдебиет өлкесіне 2021 жылы қадам тастаған қытайтілді жазушының шығармалары «Ұлттар әдебиеті», «Ұлттық жинақ», «Батыс» секілді беделді басылымдарда жарық көрген. «XXI ғасыр Қытай прозасының антологиясы – 2023» жинағына шығармасы енген. 2016 жылы тағайындалған Саньмао атындағы прозалық шығармалар сыйлығы – Қытайдың көркем әдебиет саласындағы танымал сыйлықтардың бірі. Конкурсқа қытай тіліндегі прозалық жинақтар мен ашық жарияланған эссе-жазбалар қатыса алады. Сыйлыққа ұсынылатын туындылардан рухани құндылықтарды ұлықтау, замана өзгерісін көрсету, поэзиялық мәнер мен көркемдік бояуға бай болу талап етеді. Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халық ағарту ісінің және ұрпақ тәрбиесінің ең басты кілті – әдебиет екенін айтқан болатын. 

20 қаңтар 2025 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031