Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 16 жасқа толмаған балаларға қандай әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салынбақ?

Елімізде 16 жасқа толмаған балаларға қандай әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салынбақ?

Мәдениет және ақпарат министрлігі желтоқсан айының басында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеген-тін. Жобаға сәйкес, 16 жасқа толмаған желі пайдаланушыларын онлайн-платформаларға тіркеуге тыйым салынбақ. Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде 16 жасқа толмаған балаларға нақты қай желілерге тіркелуге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Аталған заң жобасы барлық әлеуметтік желіні қамтымақ. Қазір Министрлікте әлеуметтік желілерге қатысты техникалық нормалар талқыланып жатыр. Бүгінде бұл тәжірибе көп елде қолданысқа енді. Бұл – әлемде бар практика. Көп ел бұл шарарарды қолданып жатыр. Бұл – мқалыпты жағдай. Себебі бұл ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Қазір ірі әлеуметтік желілердің әкімшілері бұл процесті қалай реттеу керек екенін қарастырып жатыр. Жалпы, бұл – дүниежүзі бойынша ауқымды жүріп жатқан процес», – делінген ведомство жауабында.
09 желтоқсан 2025 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031