Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Бейбітшілік пен қауіпсіздік – барша адамзаттың ең басты құндылықтары

Президент: Бейбітшілік пен қауіпсіздік – барша адамзаттың ең басты құндылықтары

Бүгін, 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекіткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында бейбітшілікті нығайту мен ядролық қарудан бас тартудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда

29 тамыз 2025 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728