Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС

ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасы талқыланды.
Аймақ басшысы облыс, аудан орталықтары мен елді мекендердегі тазалық, көркейту шараларына күнделікті әрі жүйелі бақылау орнатуды тапсырды.
«Жаз мезгілінде қала мен елді мекендердегі қоғамдық орындардың тазалығы, жайлылығы басты назарда болуы тиіс. Аптап ыстық басылған соң демалуға сыртқа шыққан халықтың, каникулдағы балалардың баратын орындарын күнделікті қадағалаңыздар. Саябақтар, демалыс аймақтары, жағажайлар мен балалар алаңдары таза әрі қауіпсіз болуы керек.
Бұл іске тұрғындар да белсенді араласуы қажет. Тазалық сақтау тек коммуналдық қызметтердің ғана міндеті емес, баршаға ортақ жауапкершілік. Көше бойларының, аулалардың, қоғамдық орындардың тазалығы – мәдениеттің көрсеткіші. Үгіт-насихатпен қатар, тәртіп бұзушыларға қатысты нақты шаралар қолдану қажет», – деді Н.Нәлібаев.
Бұдан бөлек, жиында құрылыс нысандарындағы жұмыс сапасы, күрделі жөндеу жұмыстарының барысы қаралды. Аймақ басшысы құрылыс алаңдарын күнделікті қадағалауды тапсырды. Қала әкімдігіне ғимараттар сапасы мен пайдалануға беру мерзіміне қатысты жауапкершілікті қатаң бақылау жүктелді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
16 маусым 2025 ж. 167 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930