Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Кеше Рәміздер алаңында 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуге арналған іс шара өтті. Алаңға жиналғандар мемлекеттік тумен келді.
Шара басында Әнұранымыз орындалып, жиналған көпшілікті аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құттықтап, мерекенің маңыздылыған тоқталды. Мерекелік шараға партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек
Баймұратова және партия қызметкерлері қатысты.
Айтулы күні аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ, бірнеше мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ант қабылдады.
Аталған шара автошерумен жалғасып, ұйымдастырушылар аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
05 маусым 2025 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930