Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды

Қазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтіледі. 2024 жылы Ұлттық құрылтай отырысында жарияланған бұл шешім – жеке тұлғаның дамуындағы кітаптың рөліне қоғамның назарын бұруға, сондай-ақ жоғары оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Мерекелік күнге дайындық аясында 2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында EGOV mobile платформасында азаматтар арасында сауалнама жүргізілді.
Анықтама:сауалнамағаеліміздіңбарлықөңірінен46 190 адамқатысты. Оныңішінде50.7% әйелжәне49.3% ер; 70% қазақ, 18% орысжәне12% басқаэтностар; 21% (18-29 жас), 50% (30-45 жас), 22% (46-60 жас), 5% (61 жастанжоғары).
Сауалнаманың мақсаты – халықтың кітапқа қатысты қызығушылығын зерттеу, кітап оқуға деген жалпы көзқарасты анықтау.
Алынған нәтижелер өзекті тенденцияларды көрсетеді және кітап оқитын ұлтты қалыптастыру әлеуетін жаңа көзқараспен бағамдауға мүмкіндік береді.
Қазақстандықтардың басым бөлігі (57,3%) тұрақты негізде кітап оқиды.
Социологиялық деректер қазақстандықтар кітап оқуды негізінен – білім және ақпарат алу үшін пайдаланатынын көрсетеді.
Респонденттердің 31% жылына1-3 кітап, 26.3% 3 кітаптан артық оқиды. Бұл көрсеткіш – халықтың едәуір бөлігінде оқуға деген қызығушылықтың сақталғанын көрсетеді.
Бұл ретте кітапқұмар нәзікжандардың саны (58.7%) ер-азаматтарға (55%) қарағанда көбірек екені байқалады.
Оқуға деген қызығушылық жас санатына байланысты да құбылатынын көрсетті: кітап оқуға деген қызығушылық негізінен 18-29 жас аралығындағылар мен ағабуын (61 жастан асқан) адамдар арасында басым. Ал 30-45 жас аралығындағы адамдар салыстырмалы түрде аз оқиды.
Алайда, сұралғандардың үштен бір бөлігі (30.6%) уақыттың жоқтығынан мүлдем кітап оқымайтынын мойындады.
Ал жалпы сұралғандардың тек 6.2% кітап оқуға ешқандай қызығушылық жоқ деп көрсеткен. Бұл егер мүмкіндік жасаса қоғамның кітапқа қызығушылық әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.
Тарихи мазмұндағы кітаптар – таңдаулы жанрлар рейтингінің көшбасшысы (26.4%).
Қазақстандық оқырмандар кітап жанрлары арасында тарих, тарихи романдар, өмірбаяндар және публицистикалық кітаптарға басымдық береді (20.5%).
Әрбір алтыншы таңдау – шытырман оқиғалар, махаббат романдары, детективтер (16.3%).
Әрі қарай оқырмандарды қызықтыратын жанрлардың арасында:
Психология, өзін-өзі дамыту кітаптары (15.4%);
Оқулықтар, ғылыми және кәсіби әдебиеттер (8.2%);
Классикалық әдебиет (7.7%);
Ерлер мен әйелдер өздері үшін әртүрлі жанрды таңдайды.
Ер-азаматтар көбіне – тарихи кітаптар, сонымен қатар ғылыми және кәсіби әдебиеттерді дұрыс көреді.
Ал нәзікжандар – шытырман оқиғалар, махаббат туралы романдар, детективтер, сонымен қатар психология, өзін-өзі дамыту туралы кітаптарды ұнатады.
Жалпы, қазақстандықтардың жанр бойынша қалаулары, сондай-ақ мазмұнды әдебиетке деген тұрақты қызығушылықтары – интелектуалды дамумен қоғамның өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын айғақтайды.
Сауалнамаға қатысқандардың 50.8% - кітаптарды дәстүрлі қағазформатында, 28% - смартфондар арқылы, 5.3% - электронды планшеттер арқылы оқиды.
Сауалнама деректері цифрлы форматың кең таралуына қарамастан, қағаз баспадан шыққан кітаптардың танымалдылығы қазақстандықтар арасында әліде жоғары екендігін көрсетеді. Сұралғандардың жартысына жуығы(50.8%) кітапты дәл осыформатта оқитынын айтқан.
Одан кейін смартфондар – сұралғандардың үштен бірі телефонның экранынан оқиды (28%). Қазақстандықтар кітап оқу үшін пайдаланатын басқада цифрлық тасымалдаушылар қатарында – электрондық планшеттер (5.3%) және компьютерлер (3.8%) саналады.
Оқудың балама әдісі – кітаптарды принтерлерден басып шығару екен. Мұндай әдісті сауалнамаға қатысқандардың 1.25% көрсетті.
Смартфондар, планшеттер және компьютерлер арқылы электронды форматта кітап оқу тәжірибесі жас қазақстандықтар арасында (18-29 жасаралығындағы) жиі кездеседі.
Белсенді еңбекке қабілетті жастағылар (46 жастан 60 жасқа дейін) және аға буын (61 жастан асқан) кітапты дәстүрлі баспа форматында көбірек оқиды.
Айта кету керек, әдетте респонденттер бір емес, бірден бірнеше ыңғайлы оқу форматтарын қалайды. Ең жиі кездесетіні – «қағаз кітап пен смартфон» нұсқасы, бұл әсіресе жастар мен орта жастағы адамдар арасында танымал.
Жүргізілген талдау цифрлық құрылғылар Қазақстандықтардың оқу тәжірибесінен қағаз құрылғыларды толығымен ығыстырады деп айтуға әлі негіз жоқ екенін көрсетеді.
Әрбір бесінші қазақстандық М.Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қарасөздерін» оқыған.
Танымал әдеби шығармалар ішінде «Көшпенділер» (І.Есенберлин); «Қан мен тер» (Әбдіжәміл Нұрпейісов); «Ақ Орда», «Қазақ хандығының тарихы» (Радик Темірғалиев); Бауыржан Момышұлының кітаптар жинағы ерекше көзге түседі.
Шығармалар тізіміндегі абсолютті көшбасшылар – М. Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қарасөздері». Бұл ұлы ойшыл Абай идеяларының қазіргі қоғам үшін жоғары өзектілігін тағыда көрсетеді.
Ең танымал әдеби шығармалар шоғырында – белгілі қазақ классиктерінің шығармалары.

23 сәуір 2025 ж. 92 0