Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос мерекеге арналған көрме

Қос мерекеге арналған көрме

Қос мерекеге арналған көрмеӘз-Наурыз мерекесі мен ұлы Абайдың биылғы 180 жылдық мерейтойының құрметіне семейлік қылқалам шеберінің көрмесі ашылды. Әйгілі жазушы Ф.Дос­тоев­­ский­дің әдеби-ме­мориалдық музей-үйінде суретші Александр Гореловтің «Абай әлемі» атты жеке көрмесі ашылды. Көрменің бұлай аталуы кездейсоқ емес. Автордың картиналарында көр­некті ақынның өміріне тіке­лей байланысты жерлер көрініс бер­ген. Онда Құнанбай мешіті, Семей қаласындағы ақынның барған кітапхана ғимараты, мемориал кесенелер, ХVІІІ ғасырда салынған Ямышев қақпасы және Алаш арыстары атылған арал (Түйемойнақ) секілді тарихи орын­­дар суреттелген. Мұны Семей қаласының тарихи архи­тек­­­туралық ансамблі деп атауға да болады. Сонымен қатар таби­ғат пейзаждары мерекелік көңіл күйге жылы әсер беріп тұрғаны байқалады. «Әскери қызметтен кейін Қырғыз Ұлт­тық академиялық опера және ба­лет театрында жұ­мыс істедім. Оқу­ды аяқта­ған­­нан кейін түрлі театр­­да­­­ істеп, көп ұзамай Алма­ты­ театр-көркемсурет инс­­титу­тын­да­ сценографиядан сабақ беру­ге шақыру алдым. Ал 1981 жыл­дан бастап, зей­нет­­кер­лік­ке шыққанға дейін Семей қаласындағы Дос­тоев­­ский атын­дағы театрдың бас су­рет­шісі болдым. Осы уақыт ара­лы­ғын­­да Семей қаласының тари­хи жер­­лерін таспалауға тырыс­тым», дей­ді суретші Александр ­Гри­горье­вич. Суретшінің бұған дейін ­20-дан астам жеке көрмесі өтіпті. Ол өзінің жаңа көрмесін Наурыз мейрамы мен Абайдың 180 жылдығына орай қойғанын, оған қалаға келуші туристердің ерекше қызығушылық танытып отырғанын айтады.
 
Абай облысы 
22 наурыз 2025 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930