Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Каспийде Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті

Каспийде Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті

Каспийде Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өттіКаспий теңізінің акваториясында генерал-майор Серік Борамбаевтың басшылығымен Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті. Оның белсенді кезеңін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары -  Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қадағалады, деп хабарлайды Egemen.kz. Оқу-жаттығу командирлер мен тактикалық буын бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы мен кәсібилігін арттыруға, олардың ассиметриялық қауіп-қатерлер жағдайында жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу дайындығын тексеруге бағытталған.
Үш кезеңдік командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмылдыру ресурстарын қабылдау пунктерін орналастыруды, ұсынылған жолдарды практикалық тралдау, Ақтау теңіз порты кемелерінің кіруі мен шығуын, орналасу пунктерін және теңіз экономикалық қызметінің басқа да стратегиялық маңызды объектілерін күзету мен қорғауды қамтыды. Сонымен қатар, «күдікті» кемеге тексеру жүргізіліп, «апатты» кемеге көмек көрсетілді.
Оқу-жаттығу аясында теңіз миналары, жер үсті және әуе нысандары бойынша практикалық атыстар өтті. «Камикадзе-катерлерінің», ұшқышсыз ұшу аппараттарының және әуе шабуылы құралдарының түрлі шабуылдарына тойтарыс берілді. Командалық-штабтық оқу-жаттығу ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ықпал етті.
18 наурыз 2025 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930