Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада жаңа стадион салынады

Астанада жаңа стадион салынады

Астанада жаңа стадион салынадыАстанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Аталған стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан, толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Спорт нысаны қозғалыс мүм­кіндігі шектеулі азаматтарға арналған орын­дарды қоса алғанда, 3 598 орын­ға есептелген. Стадион UEFA халық­аралық стандарт­тары­на сай салынады. Құрылыс аяқтал­ған­нан кейін нысанды Астана қаласы әкімд­ігінің №8 олимпиадалық резервтегі маман­дан­ды­рыл­ған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр.
Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтай­лы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.
Бүгінде түрлі өңірлерде әлеу­меттік маңы­зы бар 16 нысан салуға Арнаулы мем­ле­кеттік қор­дан 82 млрд теңгеден астам қар­жы бөлінді. Атап айтқанда, 1 му­зы­­ка­­лық мектепті қоса алғанда 7 мек­теп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана ке­ше­ні, об­­лыст­ық жедел жәрдем стансасы, Арнау­лы әлеу­­мет­тік қызмет көрсету орталығы, жатақ­­­хана және 2 балабақша бар. Соны­мен қатар қаражат Қызыл­орда облы­сын­дағы Арал ауданында сумен жабдық­тау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.
14 наурыз 2025 ж. 49 0