Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт жөніндегі заңнама жетілдіріледі

Спорт жөніндегі заңнама жетілдіріледі

Спорт жөніндегі заңнама жетілдіріледіПарламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денешынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралды.
Отырыс барысында заңның негізгі мазмұны талқыланды. Онда ұлттық құрамалардың жетістіктері негізінде спорттың басым түрлерін анықтау, спорт федерацияларының мәрте­бе­сін өзгерту, жоғары жетістікке жет­кен спортты қаржыландыру, сон­дай-ақ спорт ұйымдарының қызме­тін реттеуді күшейтуге мән берілді. Федерацияларды тіркеу, мемлекеттік денешынықтыру-спорт ұйымдары­ның басшыларын ротациялау жүйесін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Депутаттар бюджеттен қаржы бөлуді оңтайландыру заңның маңызды бөлігі екенін атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары емес спортшыларды мемлекет қаржысы есебінен қаржы­ландыруға тыйым салу, сондай-ақ қаржыны балалар мен жасөспірімдер спортының пайдасына қайта бөлу көзделіп отыр. Заңға сонымен қатар туризм және спорт министрлігінің құзыретін, сондай-ақ спорт медицинасы мен оңалтуды дамы­туға бағытталған ережелерді нақты­лау жөніндегі түзетулер де енгізілген. Отырыс соңында денешынықтыру мен спортты дамытудың кешенді тәсілі өңірлердегі экономикалық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
12 наурыз 2025 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31