Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 1,8 трлн теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

Қызылорда облысында 1,8 трлн теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

Қызылорда облысында экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен жылы 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

– 2025-2029 жылдары аймақта құны 1,8 трлн. теңге болатын 66 инвестициялық жобалар іске асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Қазақстан-Германия, Қазақстан-Корея форумдары аясында қол қойылған меморандумдарға сәйкес биылғы жылы «Хорн» неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн. дана шыны бөтелкелерін шығаратын және кореялық «Уиз-Ю» компаниясымен тұрмыстық қалдықтар өңдейтін зауыттарының құрылыстары басталады. «Қызылорда Саз-М» серіктестігі жылына 90 млн. дана заманауи кірпіш шығаратын зауыттың құрылысын биыл аяқтап, пайдалануға беретін болады,- деді Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов.



Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
19 ақпан 2025 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031