Жайдарманның жаңа маусымы ашылды

Биылғы Маусымашар ерекше форматта өтуде. Қазақстандық командалармен қатар, бес елдің жайдарманшылары өз өнерлерін ортаға салмақ. Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Әзербайжан және Қытайдан келген командалар сайысқа түседі.
Жайдарман қозғалысының директоры Жанасыл Болатбектің айтуынша: Жайдарман халықаралық аренаға шығып, шекарасын кеңейтуде. «2025 жылғы маусымда шетелдік командалардың саны артып, ойын одан әрі қызықты болмақ. Халықаралық командалардың қатысуы – Жайдарманның танымалдығы артып, күллі түркі жұртын біріктіріп отырғанының дәлелі» - деді ол. Айта кету керек, шетелдік жайдарманшылар да қазақ тілінде өнер көрсетіп, әзіл әлеміне жаңа серпін әкелмек. Маусымашар 17 ақпаннан 22 ақпанға дейін жалғасады. Аталған шара «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен өткізіліп жатыр.