Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропалық Одақ Ливанмен серіктестікті қалпына келтіруге дайын екенін мәлімдеді

Еуропалық Одақ Ливанмен серіктестікті қалпына келтіруге дайын екенін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM - Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас Ливанда жаңа үкімет құрылуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 
- Ливанды жаңа үкіметінің құрылуымен шын жүректен құттықтаймын. Премьер-министр Наваф Саламға және бүкіл үкіметке Ливан халқының арман-мақсатын жүзеге асыруда толағай табыс тілеймін. Юсуф Раджиді Сыртқы істер министрі болып тағайындалуымен  құттықтаймын және онымен сөйлесуді асыға күтемін, - деді еуропалық дипломат.  ЕО Ливан халқына, атап айтқанда, барлық азаматтың игілігі үшін өз міндеттерін орындауға қабілетті мемлекеттік институттарды қалпына келтіруге тұрақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.

- Біз жаңа үкіметке жаңа реформаларға және болашаққа бағытталған күн тәртібін ілгерілетуде, ЕО-Ливан серіктестігін жаңартуда ынтымақтастық кеңесін өткізу арқылы қолдау көрсетуге дайынбыз, - делінген хабарламада.  Айта кетейік, Ливанда Наваф Салам басқаратын жаңа үкімет жасақталды.


10 ақпан 2025 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930