Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Петропавлда өрт сөндірушілер баспаналы болды

Петропавлда өрт сөндірушілер баспаналы болды

Петропавлда өрт сөндіру қызметінің үш маманына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің өрт сөндірушілері алғаш жаңадан салынған көпқабатты үйден баспаналы болып отыр.
Пәтерлер 19-шы шағын ауданда орналасқан. Жақсы жағдай жасалған екі бөлмелі пәтерлер. Бұл біздің қызмет үшін аса маңызды оқиға. Шұғыл әрекет ететін мамандардың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік саясаттың іске асып жатқандығының көрінісі, - деді пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыс еткен департамент бастығы Жомарт Асқаров.
Өрт сөндірушілерге берілген пәтерлер – қызметтік үй болып есептеледі. Баспаналы болғандардың ішінде көпбалалы отбасылар да бар.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға ыңғайлы тұрмыстық жағдай жасау ведомствоның алға қойған басымдықтарының бірі. Бұл басын үнемі қауіп-қатерге тігетін қызметкерлердің кәсіби рухын көтеруге көмектеседі, - дейді Жомарт Асқаров.
09 ақпан 2025 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031