Қазақстанда тағы бір автожол бүгіннен бастап ақылы болды

Бір бағыттағы (454 шақырым) төлем мөлшері:
– 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 2840 теңге, кейінгі төлем – 3330 теңге;
– 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 5750 теңге, кейінгі төлем – 6740 теңге;
– 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін алдын-ала төлем – 8570 теңге, кейінгі төлем – 10 100 теңге;
– жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 11 470 теңге, кейінгі төлем – 13 470 теңге;
– жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын-ала төлем – 14 290 теңге, кейінгі төлем – 16 830 теңге. Айта кетейік, жеңіл көлік иелері Қызылорда-Арал жолын тегін пайдаланады.