Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне «Болашақпен» оқу мүмкіндігі беріледі

Халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне «Болашақпен» оқу мүмкіндігі беріледі

Халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне «Болашақпен» оқу мүмкіндігі беріледіБүгін Сенатта мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заң қаралды, деп жазады Egemen.kz. Заңнамаға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәлімгерлік институтын реттеу үшін «тәлімгерлік жөніндегі ұйым» ұғымы енгізіледі. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев заңда дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру үшін халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне конкурстан тыс мемлекеттік білім гранттарын беру жөніндегі норма да бар екенін атап өтті. 
«Болашақ» бағдарламасына бакалавриат дәрежесін қайтару туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда жеңіске жеткен дарынды оқушыларға «Болашақ» бағдарламасы арқылы үздік шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі қарастырылды. Мақұлданған заң тәлімгерлік институтының әлеуетін нығайтуға және тілімізді дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.
23 қаңтар 2025 ж. 338 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 100

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930