Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаскелең-Алматы тас жолы сегіз жолаққа кеңейтіледі

Қаскелең-Алматы тас жолы сегіз жолаққа кеңейтіледі

Қаскелең-Алматы тас жолы сегіз жолаққа кеңейтіледіҚаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапарымен барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп жазады Egemen.kz. Жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асады.
Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезеңде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелең өткеліне дейінгі, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.
Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көлікке дейін ұлғаяды.
Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деп күтілуде. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.
20 қаңтар 2025 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031