Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлігін 5 минуттан артық қыздырған үш жүргізушіге айыппұл салынды

Көлігін 5 минуттан артық қыздырған үш жүргізушіге айыппұл салынды

Көлігін 5 минуттан артық қыздырған үш жүргізушіге айыппұл салындыӨскеменде көлігін 5 минуттан артық жылытқан үш тұрғын айыппұл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.  Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көлік бір орында бес минуттан артық тұрып, басқаларға қолайсыздық тудырса, бұл заң бұзушылық болып саналады. Заңды бірінші рет бұзған жүргізушіге 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұзушылық қайталанса, айыппұл екі есе артып, 10 АЕК (39 320 теңге) құрайды. Өскемен қалалық ІІД хабарлағандай, 2025 жылдың басынан бері қалада үш заң бұзушылық тіркелген.
«Ішкі істер органдары аталған құқық бұзушылық үшін азаматтарға жаппай айыппұл салуды алдына мақсат етіп қойған жоқ. Осы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тек азаматтардың арыз-шағымдары келіп түскен кезде және құқық бұзушылық туралы айғақ болған жағдайда ғана қозғалады», деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
17 қаңтар 2025 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031