Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді

«Ата-аналар алып бала туылса, «батыр бала дүниеге келді» деп қуанып жатады. Алайда, көпшілігіміз сәбидің ауыр салмағы ананың да, баланың да денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін естен шығарамыз. Шындығында, бұл қуаныштың артында не тұр?! Ең алдымен, нәрестенің үлкен салмағы (макросомия) анасы үшін өте қауіпті. Өйткені, табиғи босану кезінде қынап, жұмсақ тіндер жыртылып кетуі мүмкін, жатыр атониясынан босанғаннан кейінгі қан кету қаупі жоғары», деп жазды облыстық перинаталдық орталық.
Босану барысында қатерлі асқынудың бірі - жатырдың жыртылуы. Мұндай жағдайда әйелді кесар тілігі отасы арқылы босандыруға тура келеді. Сол себепті дәрігерлер әйелдерге жүктілікке алдын-ала дайындалу қажет екенін ескертті.