Өзбекстанның сыртқы қарызы $60 млрд-тан асты
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның жалпы сыртқы қарызы $60,2 млрд-қа жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. Өзбекстанның Орталық банкінен мәлім еткендей, елдің мемлекеттік қарызы - $32,5 млрд, ал корпоративтік (жеке) қарыз $27,7 млрд шамасында. Осылайша, жыл басынан бері көршілес мемлекеттің сыртқы берешегі $7,2 млрд-қа өскен. Қоса кетсек, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $3,8 млрд-тан асты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын. Еске салайық, келер жылы Өзбекстан $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр. Таяуда Өзбекстан Сенаты елдің 2025 жылға арналған бюджетін мақұлдаған болатын. Оған сай, шоғырландырылған бюджет кірісі 431 трлн сум (шамамен $33,4 млрд), шығыстар 480,5 трлн сум ($37,3 млрд) шамасында жоспарланған.