2024 жылы жаңа туған сәбилерге ең көп қойылған есімдер анықталды

Ұлдарға ең жиі қойылған ТОП-10 есім:
- Мұхаммед
- Айсұлтан
- Әлихан
- Мұхаммад
- Омар
- Әлидар
- Әмір
- Алан
- Әли
- Хамза
Қыз балалар арасында ТОП-10 тізіміне Мәриям есімі кіріп, Әмина есімін ығыстырды.
Қыздарға ең жиі қойылған ТОП-10 есім:
- Айлин
- Медина
- Асылым
- Айша
- Томирис
- Аяла
- Айым
- Раяна
- София
- 1Мәриям
Ұлттық статистика бюросы «Танымал есімдер» онлайн-сервисінің функционалын кеңейтті. Енді пайдаланушылар жаңа туған нәрестелерге ең жиі немесе сирек қойылған есімдер туралы толық әрі әртүрлі ақпарат ала алады.
«Сервистің функционалын кеңейту арқылы пайдаланушылар есімдерге қатысты трендтерді тереңірек зерттеп, Қазақстандағы мәдени ерекшеліктерді талдай алады. Бюро ақпарат сапасын арттыру және қызметтерді жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырады», — делінген хабарламада.