Нәрестелерге ең көп және сирек қойылған есімдер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы балаға ең көп қойылған есімдер Әлихан мен Раяна болып тұр, деп хабарлады Алтайньюс.
Ұлт көсемі Әлиханның есімі 320 балаға қойылған. Одан кейін Айсұлтан (222), Нұрислам (190), Әмір (175), Әлинұр (168), Әли (168), Санжар (126), Ислам (125), Ерасыл (125) Алдиярлар (117) көшті жалғап тұр.Ал қыздар арасындағы танымал есім – Раяна 429 нәрестеге қойылыпты. Медина (366), Айлин (332), Айзере (324), Аяла (305), Айша (274), Асылым (263), Айару (224), Әмина (223), Кәусар (184).
Ендігі кезекті сирек кездесетін, сирек кездескенде де биыл бір ғана балаға қойылған есімдерге берсек. Ұлдар: Теңіз, Байқазақ, Құдірет, Нұрәлем, Бейбарыс-Сұлтан, Мұхаммед-Раджаб, Ерлер, Ақиқат, Елтұлға, Нұршашқан, Нұртұяқ, Таңсұлтан, Нұрпарасат, Бай-Арыстан, Батый, Ибрайым, Шах-Мұхаммед, Ерқабыл, Байпатша, Нәр-Иман, Қорғанбек, Елшібек, Шах-Кәрім, Бақислам, Әли Ибраһим, Мұхаммед Әмин, Нұргелді, Нұршапағат, Ұланғасыр, Доминикан, Ізгелді, Ақсұлтанбек, Сақтар, Елбақыт, Қасым-Жомарт-Керей, Елсүйер, Із-Нұр, Сүйініш, Ердана, Өмірұзақ, Сақтапберген, Айпатша, Арқау.
Қыздар: Сәтті, Еңлік Сұлу, Ақпатша, Тұмарсұлы, Рәбиям, Нұршаһ, Ақ-Ниет, Айдайсұлу, Ай Күнім, Ақбиік, Нұр Ханшайым, Шаттық, Інжу-Маржан, Тілекші, Ақшырақ, Таңшуақ, Рәбина, Моншақ, Ақжүзік, Көрікті, Күміс, Қызғалдақ, Сүйкімді, Күңке, Бөпежан, Жұмақыз, Ақмамық, Мыңжылқы, Нұрдариға, Нұрбалым, Сәнді, Тұнық, Балбөпе, Аймүсін, Ханшырайлым, Таңсамалы, Хұснижамал.