
Қолайсыз ауа райына байланысты Түркістан және Жамбыл облыстарындағы республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады
Egemen.kz.Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады. 20 желтоқсан сағат 09:00-ден Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырым аралығында Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар Түркістан облысындағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-663 шақырым аралығында Жамбыл облысының шекарасынан - Қарабұлақ ауылына дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.