
Ауа райы нашарлауынан әрі қалың қар салдарынан 26 жүк көлігі қар құрсауында қалған, деп хабарлайды
Egemen.kz. Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол және Вазтовка автокөлігімен Алакөл ауданында Үшарал-Достық тас жолының Ырғайты және Жалаңашкөл учаскелері аралығында қалған 26 жүргізушіні Көктума ауылына жеткізген. Олар медициналық көмекті мұқтаж етпеген.