Алматыда дүкеннен өрт шығып, 4 бала құтқарылды
Бүгін таңертең қаланың Наурызбай ауданындағы С.Жүнісов көшесінде көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен отқа оранды, деп жазады Egemen.kz. Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ мамандары дүкен сөрелері өртеніп жатқанын байқаған. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғынын эвакуациялап, 4 баланы құтқарды. 60-қа жуық тұрғын өз бетінше көшеге шығып үлгерген.
«Кәсіби өрт сөндірушілер өртті бастапқы кезеңде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», делінген ТЖМ хабарламасында.