Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды

Алматыда өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды

Алматыда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 3 ересек адам мен 1 баланы аман алып шықты, деп жазады Egemen.kz.
16 мамыр, 12:55-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар түскен.

Өрт Медеу ауданы Нүсіпбеков көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатында тұтанған. Онда 4 шаршы метрді құрайтын жуыну бөлмесінен өрт шыққаны анықталды.

Қызыл жалынның түтіні тұтас үйге тарап, тұрғындардың өміріне қауіп төнген.

Өрт сөндірушілер шақырту түскен мекенжайдан өз бетінше сыртқа шыға алмаған 4 ересек пен 1 баланы құтқарды.

«Құрамында аға инженер Б.Жанұзақ, бөлім командирі И.Арупов, аға өрт сөндіруші-құтқарушы Н.Садыров, өрт сөндіруші Е.Еркінбай, Д.Жусанбаев бар газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі төрт адамды құтқарды, олардың бірі бала. Қимыл-қозғалысы шектелген ер адам зардап шеккен жоқ», деп хабарлады Алматы ТЖД.
17 мамыр 2024 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930