Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе облысында екі балықшы суға батып кеткен

Ақтөбе облысында екі балықшы суға батып кеткен

Ақтөбе облысында екі балықшы суға батып кеткен14 желтоқсан күні 53 жастағы Владимир Курдюков пен 21 жастағы Михаил Дуля балық аулауға шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Екі балықшының мәйіті екі күннен кейін табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марқұм балықшының әйелі Наталья күйеуі мен оның серігі сенбі, 14 желтоқсан күні таңғы сағат 4-те балық аулауға кеткенін айтты.
«Олар Шұбарқұдық арқылы Вильге бет алған. Олар кешке үйге қайту керек еді. Байланыса алмадым. Екеуі де ішімдік ішпейді. Төтенше жағдайлар министрлігіне телефон соғып, полицияға, еріктілерге арыз жаздым», деді әйел Diapazon порталына.
Екі күннен кейін балықшылар көлігімен бірге Кенжалы өзеніне батып кеткені белгілі болды.
«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 1971 және 2003 жылы туған екі ер адамның мәйітін тапты. Олар Темір ауданындағы Кенжалы өзеніне батып кеткен. Сүңгуірлер мәйіттерді көліктен алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша «Нива» көлігі жоғары жылдамдықпен көпірден ұшып кетіп, өзенге құлаған», деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
17 желтоқсан 2024 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031