Астанада 12 мың адам Мемлекеттік әнұранды шырқады

«Бұл жарқын әрі шабыттандыратын сәт қатысушылардың жүрегінде ұзақ уақыт есте қалады. Елімізге деген мақтаныш пен ортақ қуаныш іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар елордада Тәуелсіздік күні құрметіне орай қаланың орталық көшелеріндегі LED-экрандарда, «ҚТЖ» ғимаратының, ЭКСПО кешенінің медиафасадтарында және «Шолу дөңгелегінде» Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленді.