Желтоқсан рухы – Тәуелсіздік туы
Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың қаншама ғасырлар бойы армандаған еркіндігі. Сол арманның орындалуна жол салған, ол – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы еді. Мереке қарсаңында аға ұрпақ пен жас ұрпақ өкілдерінің басын қосып, айтулы күннің мән-маңызы жайлы ой өрбітуді жөн көрген Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінің ұжымы ауқымды шара ұйымдастырды.
Биыл «Желтоқсан оқиғасына» – 38 жыл. Егемендікті жақындатқан 1986 жылғы қазақ жастарының ерен ерлігі ұмыт қалмай, жас буынға ұдайы дәріптеліп жатыр. Желтоқсан оқиғасына 20 мыңға жуық жас жиналған. Шеруде 8 500 адам ұсталып, 99 адам сотталды. Тағы 264 студент оқудан шығарылды. Желтоқсан оқиғасы Қазақстанның Тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы, тәуелсіздіктің бастауы ретінде бағаланады.
Биыл «Желтоқсан оқиғасына» – 38 жыл. Егемендікті жақындатқан 1986 жылғы қазақ жастарының ерен ерлігі ұмыт қалмай, жас буынға ұдайы дәріптеліп жатыр. Желтоқсан оқиғасына 20 мыңға жуық жас жиналған. Шеруде 8 500 адам ұсталып, 99 адам сотталды. Тағы 264 студент оқудан шығарылды. Желтоқсан оқиғасы Қазақстанның Тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы, тәуелсіздіктің бастауы ретінде бағаланады.
Кездесуде алдымен ызғарлы желтоқсан оқиғасын еске салатын «Желтоқсан желі» әні шырқалды. Бүгінде Шиеліде желтоқсан оқиғасының 44 куәгері бар. Олардың көбі сол бір зұлмат оқиғадан соң оқуынан шеттетіліп, не жұмыстан босатылып, ұзақ уақыт бойы қудалауда жүрді. Жиынға желтоқсаншылар Эльмира Шонабаева, Патыма Асан, Айдарбек Сегізбаев, Құндызай Шағырбаева, орталық мешіттің бас имамы Рахат Қожанов, ұстаздар мен оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында Желтоқсан қаһармандары өткенге шегініс жасап, сол бір қасіретті күндерден сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті. 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, бір сәтке өткен күнге оралды. Сондай-ақ жастарға өз елінің патриоты болуға, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін бағалауға шақырды. «Егемендік алып, тәуелсіздікті жария еткен күні бөркімізді аспанға лақтырып, қуаныштан жылаған едік» дейді сол сәттің куәгерлері.
Кездесуде оқушылар желтоқсаншыларға арнап нақышына келтіріп өлең оқыса, өнерпаздар рухты көтеріп, жан тебірентер әсем ән мен күй шырқады. Содан соң қатысушыларға сый-сияпат табысталып, естелік суретке түсті. Жиын соңында бас имам өмірден өткен желтоқсаншыларға арнап Құран бағыштады.
Бұл кездесу мәңгілік елдің босағасын бекітер бүгінгі жас аға ұрпақтың өткенінен тағылым алып, жастар өз тағдырларына өздері иелік ететін азаматтар болуы үшін, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалардың ортасында болған батырлардың, әңгімесін, өнегесін тыңдап, тарих беттеріндегі қалған парақтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылды.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ