Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді

«Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен биылдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы биыл «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды.
Қазақ тілінің ірі халықаралық студиялар өз қаражатымен қолдайтын тілдердің қатарына қосылуы – тіліміздің дамуы үшін өте маңызды оқиға. Айта кетейік, «Ойжұмбақ 2», «Моана 2» туындыларының қазақ тіліндегі дубляжы кассалық табыс үлесі бойынша жаңа рекордтар орнатты.