Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалдыҚалижан Жеңісбекұлы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Министрлік мәліметінше, оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.  Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы 1980 жылы 19 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген.  2001 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, 2006 жылы Ресей Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясын мемлекеттік және муниципалдық басқару менеджері мамандығы бойынша тәмамдаған. Қалижан Қобландиннің түрлі басшылық лауазымдарда тәжірибесі бар. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
09 желтоқсан 2024 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031