Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте кәсіпкерлерге қандай жағдай жасалған?

Шымкентте кәсіпкерлерге қандай жағдай жасалған?

Шымкентте кәсіпкерлерге қандай жағдай жасалған?«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Райымбек Баталов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында Р.Баталов палата жанындағы көпфункционалды қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ «Invest Shymkent» фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты.  Басқарма төрағасына мегаполисте іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар жайында баяндалды. Р.Баталов әрбір инвестор, кәсіпкермен тығыз байланыста жұмыс істеп, барынша қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.
«Алдағы уақытта жергілікті әкімдіктермен бірге үйлестіру жұмысын пысықтау қажет. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар, қаржылай қолдаулар да жеткілікті. Мұның бәрін жаңадан кәсіп бастаған немесе шағын кәсіпкерлер толық біле бермеуі мүмкін. Сондықтан бизнеске қаржылай, консультативтік, құқықтық қол­дау көрсетілуі қажет. Сонда экономикадағы «көлең­келі» бизнес азайып, бюджеттің салық түсімі артады. Қандай проблема туындамасын «Атамекен» пала­тасы көмек беруге әзір екенін бизнес өкілдеріне ұғындыруымыз қажет», деді ол.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы өңірлік палата ұжымымен де жүздесті. Кәсіпкерлер ұйымының директоры Сабира Адамбекова Р.Баталовқа атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Сөз арасында Қайрат Молдасейітов бастаған өңірлік кеңес өте белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.
«Кәсіпкерлер палатасы біршама маңызды мәселені шешті. Соның қатарында бөлшек салық мөлшерлемесін екі есе, яғни 4%-дан 2%-ға төмендеттік, одан бөлек, Шымкенттегі мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге субсидия бөлу, «Жайлы мектеп» жобасы аясында оффтейк келісімшарттарды түзу бойынша мәселелерді реттедік. Жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экономикалық тергеп-тексеру департаменттерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп, өзара әріптестік меморандумдар түзілген», деді С.Адамбекова. Палата басшысы «Атамекен» ҰКП тарапынан соңғы уақытта жүзеге асырылған ірі жобалардың бірі – Инвестициялық картаның жасалғанын мәлімдеді. Аталған картаға 59 жоба енгізілген. Олардың жалпы құны 465 млрд теңгеден асады. Бизнес жобаларды сүйемелдеу «Invest Shymkent» пен «Қазақинвест» ұйымы тарапынан «Бір терезе» қағидаты негізінде атқарылып жатыр.
Биыл 9 айда өңірлік кәсіпкерлер палатасына биз­нестің заңды мүддесі мен құқығын қорғау жөнінде 85 арыз-шағым келіп түскен. Нәтижесінде, 120 млн теңге көлеміндегі сомада кәсіпкерлер құқығы қорғалды. Палата «Азаматтарға арналған үкімет» корпорация­сымен бірге 2023 жылы Кәсіпкерлерге арналған көп­функционалды қызмет көрсету орталығын ашқан. Осы жылдың 9 айында аталған орталық 8 200-ге жуық қызмет түрін көрсетті. Оның ішінде бизнес-жоспар құру, жобаларды сүйемелдеу секілді көмектер бар. Осы жұмыстардың арқасында кәсіпкерлік субъектілері грант, несие түрінде 377 млн теңгеге қол жеткізді. Сапар барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Шымкенттегі ірі өндіріс орындарының бірі – «QazAlPack» зауытына барып, өндіріс орнының жұмысымен танысты. Аталған кә­сіпорын сусындарға арналған алюминий банкалар мен қақпақтар шыға­рады.
 
ШЫМКЕНТ 
Сурет: ru.freepik.com
01 қараша 2024 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930