Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік аудандағы молшылық мерекесі

Үздік аудандағы молшылық мерекесі

Ұлттық мереке – Республика күні аясында Жалағаш ауданының 85 жылдығы, «Алтын күз – 2024» мерекесі аталып өтті.
Мерекелік бағдарламаға сәйкес аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ұлттық қолөнер бұйымдары, ауыл шаруашылығы өнімдері, ұлттық тағамдар және аудан кәсіпкерлерінің көрмесі ұйымдастырылды.  Бұқарбай батыр ауылындағы ипподромда ат бәйгесі өтіп, шабандоздар ен далада еркін көсілді. Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар алға шығып, жанкүйерлерін жарыса қуантып жатты.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов мерекеге шақырылған құрметті қонақтарды қабылдап, ауыл шаруашылығы майталмандарына марапаттар табыстады. Кешке қарай Жалағаш аспанын әнге бөлеп, өнер жұлдыздары концерт берді.
Жалағаш ауданы негізінен аграрлы салаға бейімделген. Бұл жерден еңбектің тайқазанын қайнатқан талай майталмандар шыққан. Айталық И.Әбдікәрімов, Ы.Жолмырзаев, Қ.Жүсіпова, А.Бисенов, Ұ.Еспанов, Т.Елеусінов, Н.Әпірезов Социалистік Еңбек Ері деген сол кездегі ең жоғары мәртебелі атақты иеленіп, кеуделеріне «Алтын жұлдыз» тақты. Сонымен қатар, Ұлмекен Төлегенова, Айнаш Балғабаева СССР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары болды. Осындай қайраткерлер қатарына бүгінде Қазақстанның Еңбек ері Имамзада Шағыртаев қосылды.
Ауыл шаруашылығы саласында ерлермен қатар қарқынды еңбек етіп, техниканы тізгіндеген Г.Қуандықова, Қ.Өзденбаева –  бүгінде Жалағаш ауданының құрметті азаматтары. Кешегі кеңестік кезеңде тың даланы игеріп, алтын астықтан тау тұрғызған диқандар мен «Қарақұм», «Қызылқұм» қойнауын түлеткен шопандардың жасампаз еңбегінің арқасында аудан тұрғындарының тұрмысы ілгері басып, берекелі тірліктің негізі қаланды. Бүгінде ауыл шаруашылығы бойынша сол дәстүрлі еңбек дүбірін жалғастырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғылықты халықтың әл-ауқатының артуына, әсіресе, ауыл өмірін жақсартуға айтарлықтай септігін тигізіп отырған іргелі шаруашылықтар қалыптасты. Олардың қатарында И.Шағыртаев басқаратын «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Ә.Бекжановтың иелігіндегі «Ер-Әлі» шаруа қожалығы, Ш.Ысқақов басқарып отырған «Еңбек жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еселі еңбегімен ел алғысына бөленіп келеді. Сөзіміздің дәлелі, жылдағы егін-терім науқанын қорытындылайтын «Алтын күз» мерекесінде Жалағаш ауданы «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан» атанып, абырой биігінен көрінді.
Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы»
25 қазан 2024 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930