Аймақ басшысы Н.Нәлібаев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін иеленді

Мереке қарсаңында ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Сыр елінің басшысы Нұрлыбек Нәлібаев марапатталды. Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, сан салаға серпін берген Сыр елінің басшысы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденіне лайық деп танылды!
Жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым жұмысшылардың мәртебесін асыруға, еңбек әулеттерінің қоғамдағы абырой-беделін арттыруға айрықша мән берілді. Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар.
Еңбек династияларын марапаттау дәстүрі биыл да жалғасын тапты. Бұл жолы мұғалімдер, өндірісшілер, теміржолшылар әулеттері құрметке бөленді.
Өскен өңір ақапарат