Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді

Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді

Су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Айта кетейік, биыл өңірдің диқандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Ал Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы 84 мың гектар.
Осылайша, 2024 жылғы суару маусымында теңізге шамамен 1 млрд текше метр су жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.
Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.
«Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, Арал теңізіне су жіберуге үнемді технологияларды енгізу де маңызды рөл атқарады. Оларды қолдану жүздеген млн текше метр су үнемдеуге және оны теңізге бағыттауға мүмкіндік береді. Ол үшін біз шаруалардың су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсаған шығындарын субсидиялау көлемін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайттық. Алдағы үш жылда су үнемдеу технологияларымен суармалы суды пайдаланатын шаруа қожалықтары үшін субсидия мөлшері 50%-дан 85%-ға дейін ұлғаяды», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске салайық, бұған дейін Аралда балық көбейе бастағанын жазған едік. Соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100 пайызға жуық орындалған.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, биыл вегетация кезінде Арал теңізіне 977 млн текше метр су жіберді. Бұл жоспарланған көлемнің 98 пайызы. Айта кету керек, соңғы бірнеше жылда суару маусымында теңізге 350-400 млн текше метрдің айналасында ғана су жіберіліп келген болатын.
Ал жыл басынан бері Аралға 2 млрд текше метрден астам су келді. Министрлік жыл соңына дейін тағы 500 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Аралдан бөлек, биыл алғаш рет суару кезеңінде теңіз маңындағы Ақшатау-Сорғақ және Қамыстыбас көлдер жүйесіне 45 млн текше метрден астам су жіберілді. Бұл балық шаруашылығы мен туризмді дамытуға тиімді әсер етіп отыр.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінен
21 қазан 2024 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930