Астанада мыңнан астам кәсіпкер экоакцияға шықты

Кәсіпкерлер өз аумақтары мен іргелес учаскелерін тазалауды ұйымдастыра отырып, акцияны белсенді қолдады. Қала кеңістігін қоқыстардан тазартты, тәртіпті қалпына келтірді және қалалық ортаны абаттандыруға ықпал етті.
«Бұл іс-шара бизнестің экологиялық жауапкершілігін ілгерілету мен тазалық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болды. Кәсіпкерлер басқа компаниялар мен ұйымдар үшін оң үлгі көрсетті», деп атап өтті Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жасалуда.
Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, елордада «Taza Astana» жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.