Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу желілерін қайта құрылымдауға – 5 млрд теңге

Жылу желілерін қайта құрылымдауға – 5 млрд теңге

Жылу желілерін қайта құрылымдауға – 5 млрд теңгеҮкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желі­лерін реконс­трук­ция­лауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қой­ды. Құжат Ақтау қаласының магис­тралды жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін 5 млрд теңгені Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады. Атап айтқанда, бұл қаражат жер­гілікті бюджеттен бірлесіп қаржы­ландыруды ескере оты­рып, жұмыстың жалпы құны­ның 10% мөлшерінде ұзын­дығы 11,5 шақырым ең тозы­ғы жеткен автожол учас­кесін реконструкциялауға бағыт­та­ла­ды.
Бұған дейін мердігер ұйым қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған. Жалпы, 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистралды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Ақтау қаласы жылу желілерінің негізгі бөлігі – 1962 жылдан бері қолданыста. Қабылданған шаралар нәти­жесінде желілердің тозу деңгейі төмендетіліп, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсету мен жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сурет: ru.freepik.com
 

11 қазан 2024 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31